Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйеліне акула шабуыл жасаған сәтін күйеуі видеоға түсіріп алды (видео)

Кариб теңізінің жағалауында бал айында жүрген жас жұбайлар Эван Кэррол мен Сара Иллинг акуланың шабуылына тап болды. Бұл туралы жергілікті басылымдарға өздері айтып берген.

Фото: Evan Caroll


Теңізінде жүзіп жүрген Сара Иллинг (Sarah Illig) кенеттен қолына акуланың тісі тигенін байқаған. Әйеліне акула шабуыл жасап жатқан сәтте күйеуінің фотоаппаратына бірнеше суреттер түсірілген. Қыз қорқынышты дыбыстарды естіген сәтте камера ұстап тұрған жігітіне қарай тез жүзе бастаған.

Алғашқыда Сара бұл оқиғаны күйеуі әзілдеп ұйымдастырды деп ойлаған.

Фото: Evan Caroll

Бұл суретте Сараның қолындағы акула тістерінің ізі. Суретті оның күйеуі Эван Кэррол түсірген.

Фото: Viralhog

Бұл суретте Сараға медбике-акулалардың шабуылдаған кезі көрсетілген.

“Акуланың тісі тигеннен бірнеше секунттан кейін қолымның ауырғанын сезіндім. Жарамды көру үшін көзілдірігімді киіп, қарай бастадым”, – дейді Сара.

Фото: Instagram

Бұл Эван Кэррол мен Сара Иллингтің Кариб теңізіндегі бал айында түскен сурет.

Фото: Sarah Illig/Facebook

Сараның айтуынша,  бұл суреттегі  5 фут тұратын медбике- акулалар. Әдетте оларды құйрығынан тартып тамақтандырмаса ешкімге тиіспейді.

Медбике-акулалар – Кариб теңізінің туристерге арналған басты ерекшелігі. Туристер акулаларды көру үшін ақы да төлейді екен.

Atlas Obscura туристік гидтерінің айтуынша, ондағы акулалар ешкімге тиіспейтін “өте мейірімді жануарлар”. Сонымен қоса, акулалар “құмның кішкене бөлшегі” екендігін айтты.

Тағы оқыңыз: 

8 бала асырап алған жамбылдық полицей “100 жаңа есім” жобасына кірді

Әкім түні бойы шахтада болған: Қарағанды облысында154 адам жер астынан шықты

Қызылордадағы Айтбай мешітінде түбі жерасты жолдарына апаратын құпияға толы құдық бар (фото)

Талқылау