Теңге бағамы нығайып келеді

Сенбі, 6 Қаңтар , 2018 15:19

KASE-дегі 5 қаңтардағы күндізгі сатылымының қорытындылары бойынша ұлттық валютаның долларға шаққандағы ең төменгі бағамы 329 теңге 74 тиынды құрады, деп хабарлайды Stan.kz.

Соңғы рет теңге бағамының бұлай жоғарылауы 2017 жылдың 1 тамызында байқалған еді. Ұлттық валютаның нығаюына Brent маркалы мұнай бағасының көтерілуі әсер етті. Оның бағаыс Астана уақыты бойынша сағат 16:10-да бір баррелі үшін 67,5 долларды құрады.

KASE-дегі бірінші сатылымында 5 қаңтар күні бір доллар үшін 330 теңгеге сатылған. Теңгенің ең төменгі бағасы бір доллар үшін 329,48 теңге болса, ең жоғары бағасы 330,07 теңгені құрады. Таңертеңгі және күндізгі сессия бойынша, сатылымның жалпы көлемі 90,4 миллион долларды құраған.

Ақша ауыстыру орындарында теңге бағамы 329-331,5 теңгені құрады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек алуға кімдер құқылы

11 жасында далада қалған алматылық қалай табысты кәсіпкерге айналды

Димаш Құдайберген Қытай продюсерлік орталығымен 8 жылға келісім шартқа отырған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар