Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қытай продюсерлік орталығымен 8 жылға келісім шартқа отырған

Бір жыл бұрын Димаш Құдайбергеннің бағы ашылып, жұлдызы жанды. Қытайдың «I am a Singer» шоуы арқылы бүкіл әлемге танылды.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Сонымен қатар, Димаш қарапайым халықтан бөлек, әлемге әйгілі жұлдыздардың өзін мойындатты. Оның даусына әйгілі француз әншісі Лара Фабиан, америкалық белгілі композитор Уолтер Афанасьефф, тіпті актер Джеки Чан да тәнті болған-ды.

Өнерімен әлемді таңдай қақтырған Димаш ай сайын емес, апта сайын музыка шыңын бағындырып, жүлденің түр-түріне қол жеткізді. Жақында екі бірдей марапатқа ие болды. Оның бірі «жылдың үздік танымал әншісі», ал екіншісі «шеберлігі үшін» (За динамичное мастерство) табысталған. Дәлірек айтсақ, Димаш 1 жылдың ішінде бас-аяғы 20-дан астам атаққа ие болыпты.

Жақында Димаштың өзі көп күткен әлемдік турнесі басталды. Алғашқы концертін Чанша қаласынан бастауы тегін емес екен. Себебі, Димашты танымал еткен «Мен әншімін» жобасы дәл осы қалада өткен болатын. Бүгін тағы бір концерті Қытайдың Фуджоу қаласында өтіп жатыр. Димаштың анасының айтуынша, әлемдік турнесі бір жыл бойы жалғаспақ.

«10 мың адамнан асатын көрерменнің алдында Димаш өте үлкен абыроймен өткізді. Біз оған өзіміз куә болдық», – дейді Димаштың анасы Света Айтпаева.

Димаштың алғашқы концертіне ата-анасы және танымал әнші Ұлықпан Жолдасов жарымен барып қайтқан. Кештен алған әсерін анасы сөзбен айтып жеткізе алмаймын дейді.

«Концерт толығымен оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Фонограмма еш нәрсе қолданылмайды. Кәсіби шеберлігі мықты үлкен топпен жұмыс жасайды», – дейді Димаштың анасы.

Құдайбергеннің әлемдік деңгейдегі турнесіне шетелдің мықты деген музыканттары арнайы шақырылған. Оған Жапония, Америка, Ресей, Қытайдың Гонконг қаласының кәсіби мамандары жиналған. Тек музыканттар ғана емес, Димашты сәнді киіндіретін стилистер де голливуд жұлдыздарының талғамынан шыққан мамандар көрінеді.

«Леди Гаганың, Майкл Джексонның жеке стилисті болған маман өз командасымен ұшып келіп, Димаштың концертіне костюмдерін жинады», – дейді Света Айтпаева.

Димаш репертуарын тек өзі ғана таңдайтын көрінеді. Орындайтын әндерін досы әрі ән әрлеуші Ерлан Бекчурин мен атыраулық кәсіби музыкант Бауыржан Ақтаев өңдеп ғаламтор арқылы әншіге жіберіп отырады екен.

Жақында әнші Димаш әлемнің ең сымбатты 100 жігітінің қатарына енді. Әншінің танымал болғаны соншалықты америкалық атақты актер Бред Питт пен Дуэйн Джонсонның өзін артта қалдырып, тізімнің 76 орынына табан тіреген. Осылайша, жаһанды мойындатқан Димаш бүгінде туған елін сағынып жүр екен.

«Елін сағынады. Сағынса келіп тұрады. Бірақ, ол қазір жас сондықтан жұмыс істеу керек. Жақында еліне келіп кетеді», – дейді Димаштың анасы Света Айтпаева.

Оқи отырыңыз:

Димаш Құдайберген «Қазақ жауынгерімен» кездесті

Голливуд жұлдызы өз құрбысына тұрмысқа шықты

Әуезов театрының басшысы Ерлан Біләл парамен ұсталды (фото)

Баян Мақсатқызының әкесі Қозы мен Баян хикаясын сынағандарға дәлелмен жауап берді

Жаңа жыл жаңа фотосессиядан: Отандық жұлдыздар отбасылық суреттерін жариялады (фото)

Талқылау