Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жыл жаңа фотосессиядан: Отандық жұлдыздар отбасылық суреттерін жариялады (фото)

Жаңа жыл жаңа фотосессиядан басталады! Ел назарында жүріп үйренген танымалдар отбасылық мереке үшін арнайы фотограф жалдап, мерекелік түсірілім жасатты. Бұл ретте Stan.kz назарларыңызға отандық шоу-бизнес өкілдерінің Жаңа жылдық-отбасылық суреттерін ұсынады.

Мәдина Сәдуақасова түсірілім күні күйеуі Олжаспен бір түсті жемпір киді. Ғашықтар ұлы Әнуарды ортаға алып, ерекше түсірілім жасады.

Ал мына бір суретте Мәдина ұлы Әнуарға жақын болғысы келген ұқсайды.

2017 жылы екінші сәбиін дүниеге әкелген Айдана Меденова қос құлыншағымен бірге фотосессия жасатты. Айдана ұлы Әлиханның алғашқы жаңа жылын әдемі сәттерге толдырды. Бір өкініштісі, кадрлардан әншінің жары Әлішер Нұржановты көре алмадық.

Тауық жылында ұлды болған Динара Қырықбаева да отбасылық суретін жариялады. Әнші өзге әріптестері ұқсап арнайы түсірілім жасамады.

Есесіне кәсіби фотограф Динараның тұңғышы Айшаға қызмет көрсеткен ұқсайды.

Жеке өмірін жұрттан жасыратын Әйкерім Қалаубаева бұл жолы да әдетінен жаңылған жоқ. Әнші ұл-қызымен бірге түскен суреттерін жариялады, алайда өмірлік серігі туралы жақ ашпады.

Салтанат Бақаева да Жаңа жыл қарсаңында “ерекше” күйін отбасылық альбомда сақтау үшін арнайы маман жалдады. Үшінші сәбиін күтіп жүрген Салтанат күйеуі және қос ұлымен бірге мерекелік атмосфера жасады.

Қыдырәлі мен Қарақат та жастардан қалыс қалмады. Жұлдызды жұп төрт бірдей ұлымен түсірілім жасап, инстаграмда жариялады. Неге екені белгісіз, бұл жолы Әбілдина қызы Аяланы түсірілімге қатыстырмады.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Тағы бір қазақстандық жас әнші Францияда танылды

Өмірқұл Айниязов 40 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Танымал журналист: Баян біздің ақшамызды алып, үрім-бұтағымен шетелге кетті

Талғат Жорабаевқа қоқан-лоққы көрсеткен Төреғалидің қай “көкесі” екені анықталды (видео)

Талқылау