Теміртауда күйеуін бауыздаған пышақпен көше кезіп жүрген әйел ұсталды

Сәрсенбі, 20 Қаңтар , 2016 21:25

Теміртауда 29 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуін бауыздап тастап көше кезіп кеткен. Үсті-басы қызыл қанға боялған ол қала тұрғындарының зәресін алған. 

1443693220_1426002710_naruchniki

Бұл туралы КТК Жаңалықтары хабарлайды.

Алыстан сұлбасы көрінген әйелді байқағандар оны адасып жүрген біреу деп топшылаған. Жақындағанда қанға боялған қолында пышақ бар екені анық көрінеді. Дереу жеткен полиция әйелді ұстағынымен, үйде қансырап жатқан 40 жастағы күйеуі дәрігерлер жетпей-ақ жан тапсырды.

Араққа сылқия тойып алған күдікті жанжалды еркектің өзі бастағанын айтып ақталған. Бірақ артынша аузына келгенін сандырақтап, жын түрткендей күйге түсті.

“Сен оны өлтірдің ба?” деген сұраққа әйел “Иә, шамалы ғана” деп дүдәмал жауап берген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар