Теміртауда ер адам 2 жасар қызын жауыздықпен өлтірді деген күдікке ілінді
Теміртауда 2 жасар қызын жауыздықпен өлтірді деп, Ресей тумасы күдікке ілінген. Бұл туралы аудан аралық мамандандырылған соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазіргі таңда сот белгілеген қылмыстық іс бойынша процессуалды прокурор жұмыс істеп жатыр. Прокурор толтырған айыптау хаттамасы бойынша 2 жасар қызды алдымен ұрып, сосын тұншықтырған.
“2017 жылдың 27 шілдесінде күдікті Теміртаудағы пәтерінде сипиртті ішімдік ішіп қызымен бірге болған. Ол өзін тыңдамай қойған қызынан өш алу үшін оны өлтірген. Ол қыздың басынан, иығынан, бетінен бірнеше рет ұрып, сосын қызды еденге жатқызын тұншықтырған”, – делінген іс материалында.
Сот-медициналық сараптамасының нәтижесі бойынша қыз механикалық асфиксия әсерінен көз жұмған.
Тағы да оқыңыз:
Өскеменде 2 жасар бала өртенген үйден шыға алмай мерт болды
Немересін бауыздап өлтірген нағашы атасы мастықпен шошқа сойып жатырмын деп ойлаған
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді