Теміртауда үйлену тойынан кейін 18 адам уланып ауруханаға түсті

Теміртауда жергілікті кафеде өткен үйлену тойынан кейін ішек инфекциясының симптомымен 18 адам ауруханаға түсті. Олардың ішінде жүкті әйел және 8 жасар бала бар. Жәбірленушілер 31 шілдеден бастап жергілікті жұқпалы аурулар ауруханасына түсе бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Теміртауда үйлену тойынан кейін 18 адам уланып ауруханаға түсті

«Бүгінгі күні оларға ішек инфекциясы деген диагноз қойылды. Ауруханада 18 адам жатыр, олардың арасында жүкті әйел мен 8 жасар бала бар. Барлығының жағдайы тұрақты, оларға қажетті көмек көрсетілуде. Науқастарға барлық емді қолданып жатырмыз. Олардың сөзінше, барлығы бір кафеде болған», – деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Үйлену тойында шамамен 60 адам болған екен. Жәбірленушінің айтуынша, қалыңдық пен күйеу жігіт зардап шеккен жоқ. Бірақ кейбір қонақтар сол кеште-ақ өздерін нашар сезіне бастаған.

«Бұл досымның үйленуі тойы болатын. Кафе де қаладағы танымал орындардың бірі. Мерекелік шара 30 шілдеде болды. Сол күні түнде әйелім бірінші болып мазасыздана бастады. Ал менде бәрі таңертең басталды, бірақ жұмыстармен Теміртаудан кету керек болғандықтан жағдайыма аса мән бермей, жолға шығып кеттім. Бірақ, қайтар жолда жағдайым мүлде нашарлап, өзімді нашар сезіндім. Дене қызуым көтеріліп, лоқсып құса бастадым»,- дейді жәбірленуші.

Ол үйлену тойында болған қонақтардың да өзі секілді жағдайда жатқанын телефон арқылы біліпті.

«Біреуінің бірден іші өткен екен. Менің жағдайымды көрген қайын енем жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жіберді. Сонда ауруханаға 1 тамыз күні түсіп отырмын», – деді уланған науқас.

Сондай-ақ, ер адам науқастардың бәрі майонез қосылған тағамнан немесе салаттан улануы мүмкін дейді. Ол ауруханаға түскен қонақтардың спирттік ішімдіктен улануы мүмкін емес екенін айтты. Себебі, уланғандардың ішінде жүкті әйел мен 8 жасар бала бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар