Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші жасы келген еркектердің жас қыздарға неліктен қырындайтынын түсіндірді

Тележүргізуші, продюсер Мақпал Қаратай ер адамдарға ұнау үшін әйелдерге арық не толық болудың маңызды емес екенін айтты. Жасы келген ер азаматтардың жас қыздарға неліктен қырындайтынын түсіндірді.

“Сонымен, еркектер қандай әйелдерге қызығады, қандай әйелдерді құштар? Баяғыда күйеуіммен ренжісіп, болмаса арамызда салқындық байқалғанда, бірден арықтауға көшетін едім. Әлі есімде, бір жылы желтоқсан айында бір ай ашығып, 13 келі арықтадым. Бірақ содан күйеуіммен қарым-қатынасым күшті болып кетті деп өтірік айта алмаймын. Кейін білдім ғой, түрді емес, мінезді жөндеу керектігін.

Анна Иотко әйелдің сыртқы сымбатына еркектің назары 4 секундқа ғана түседі дейді. Рас, бастапқыда олар әйелдің ажарына көңіл аударғанымен, негізгі баурап алатын әйелдің болмысы екен. Еркектер қандай әйелдерге қатты қызығады? Иотконың айтуынша- бұл жауапқа әйелдің фигургасы, формасы, түрі, шашы, киген киімінің қатысты жоқ. Олар екінші орында. Еркектер негізінен эндорфині көп, яғни бақытты әйелдерге көп көз сүзеді.

Эндорфин – бақыт, қуаныш гармоны. Жасы келген еркектердің жас қыздарға қырындайтын себебі де сол. Өйткені олардың бойында эндорфин гармоны ойнап тұр. Қуанса, аспанға секіреді, өкпелесе бұртия қалады. Яғни ештеңеге басыңды қатырмайтын сәт. Кейін уақыт өте келе біз тіршіліктің түйткілімен бұл гармонды өшіріп, өзге гармондарға басымдық танытып кетеді екенбіз. Қырыққа жасымыз жақындағанда өзімізді өзгелермен салыстырамыз. Бірден “қай жерім дұрыс болмай тұр екен?” деп ойлаймыз. Өзгелердің өмірін көреміз, қызығамыз. Мұның барлығы, бақыт, қуаныш гармонының сөнуіне алып келеді.

Еркектер ішкі гармониясы бар, балаша қуана алатын, жеңіл, азат, жадырап-жайнап, шаттанып жүретін, ештеңеге басын ауыртпайтын, өзгеде жұмысы жоқ,
өз бақыты өзіндегі әйелдерге қатты қызығатын көрінеді. Сондықтан, қыздар бұл жерде толықтық, арықтықтықтың еш қатысы жоқ. Жігіттер қабағынан қар жауып жүретін 48 келі қыздан гөрі, формасы томпақтау, бірақ күліп, бақыттан басы айналып жүретін қызды тез “іліп” әкетеді”, – деп жазды тележүргізуші парақшасында.

Желі қолданушыларыны басым бөлігі бұл ойды құптайтындарын айтты. Келіспей өз пікірін жазғандар да бар.

“Келісем, дәл солай, ер адамның көңілін табу әйелдердің өзіне байланысты”, “Кеңесіңіз көп әйелге жарар ден сенем”, “Ер адамның көңілінен шығу үшін жасандылықтың не керегі бар. Табиғи қалпыңды сақтау керек. Ұнататын азамат оған қарамайды. Еркек санасыз болған соң қырындайды өзгелерге”, – деп жазады желідегілер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы барлық жаңалықты t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау