Телефон қуатының неліктен тез таусылып қалатынын білесіз бе?

Жексенбі, 30 Қазан , 2016 18:02

Бүгінде қалталы телефон арқылы тек қажетті адаммен байланысып қана қоймай, ғаламтордан қажетті парақшалар мен сайттарды ашып қарауға, клип немесе фильм көруге, жаңалық оқуға және ойнауға болады. Алайда бірнеше операцияны қатар не кезек-кезегімен қолданған кезде телефон қуатының тез таусылып қалатыны көңілге қаяу түсіреді.

ne-zaryazhaetsya-telefon-№9

Кейде оған себеп болатын өзіміздің дұрыс емес әрекетіміз екен. Бұл туралы Маркетиум жазды.

Телефон қуаты мынадай бірнеше себептің әсерінен тез таусылып қалуы мүмкін:

  1. Смартфонды 100% толғанға дейін қуаттайсыз

Көпшілік адамдар телефонды 100% толғанға дейін қуаттау керек деп ойлайды. Алайда мамандардың пікірінше, батареяны 30 бен 80% аралығында ұстаған жөн.

  1. Телефонды толық өшіріп барып қуаттайсыз

Телефонның толық өшіп қалуын күту арқылы сіз батареяның жұмысын одан сайын нашарлата түсесіз. Мұндай қадамды тек екі айда бір рет жасаған жөн.

  1. Батареяның қызып кетуіне жол бересіз

Смартфондардың батареялары жоғары температураға шыдамсыз келеді. Ең оңтайлы температура – 1 мен 35 градустың аралығы.

  1. Сымсыз қуаттағышты тым жиі пайдаланасыз

Сымы жоқ қуаттағыштар да батареяның қызып кетуіне жол береді.

  1. Телефонның қабын алмай қуаттайсыз

Қуатталу барысында телефоныңыздың қызып кеткен жағдайда қапты шешпесеңіз, ол жылудың іште қалуын қамтамасыз етіп, батареяның құрып кетуіне өз үлесін қосады.

  1. Сіздің қосымша телефоныңыздың қуаты аз болып жүреді

Әдетте адамдар қосымша телефонды алғашқысының қуаты таусылып қалған жағдайда қолданады. Алайда қосымша телефонды да үнемі жартылай қуаттап жүрмесеңіз, оның да батареясы тез арада құртыла бастайды.

  1. Сіз қуаттау үшін қолданатын сым дұрыс емес

Әр телефонды қуаттауға арналған өзінің сымдары болады. Кейде басқа өндірушінің құрылғысын алып, сіз өз телефоныңызға зиян тигізіп алуыңыз мүмкін.

Жіберіп алмаңыз: 

Телефон қуаты жиі отырып қалмау үшін не істеу керек?

Ұялы телефон шотындағы ақша неліктен жоғалып кетеді?

Ресейде Samsung Galaxy телефонының кесірінен үш қабатты зәулім үй өртке оранды

Телефон қуаты жиі отырып қалмау үшін не істеу керек?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар