Ұялы телефон шотындағы ақша неліктен жоғалып кетеді?

Жұма, 21 Қазан , 2016 18:26

Былтыр Kcell және «КаР-Тел» мобильді операторларына 700 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің өкілдері хабарлап отыр.

4f8d90ccb9c7a1d94b9ecca02e713a9d_L

Ірі компаниялар мұндай жазаға абоненттерінің шотынан заңсыз түрде ақша шешкені үшін тартылған, деп хабарлайды 24.kz хабарлайды.

Өкінішке қарай, байланыс жоқ. Келген хабарлама рас болса, шотымда ақша бітіп қалды. Соңғы кезде мобильді операторлардың қай-қайсысы да тиімді тариф ұсынып, абоненттер үшін бәсекеге түсіп әлек. Алайда тұтынушылар санын арттырып, қызмет көрсету сапасын мүлдем төмендету деректері жиілеп кетті. Көпшілік телефонындағы ақшасы жұмбақ күйінде жоғалып кететініне наразы.

“Жарты жылдың ішінде тарифті қосу үшін мен шотыма 3 мыңнан бірліктер енгізген болатынмын. Бірақ олар тарифтің өзінің бағамынан екі есе ұстап қалған болатын. Мен операторға звондаған кезде олар нақты жауаптарын айта алмады және керекті көмектерін көрсете алмады. Мұндай операторлардың іс-әрекеттері әбден шаршатты, шыны керек”, – дейді қала тұрғыны Индира Жатпешова.

Мобильді операторлар мұндай жағдайлардың болып тұратынын жоққа шығармайды. Оның бірнеше себебі де бар. Кейде ақша техникалық ақаудың салдарынан жоғалса, кейде абоненттердің өздері де қателік жібереді. Сол себепті, мобильді операторлар абоненттерге мұқият болуды ескертеді. Ұялы телефонға жіберілетін SMS хабарларды назарсыз қалдырмауды сұрайды.

“Мен сіздерге бір мысал айтайын. Әр айдың басында 1 жарым мың теңге көлеміндегі абоненттік төлем сіздің шотыңыздан шешіледі. Бірақ ол кезде сізде 1 жарым мың емес, мың теңге болсын дейік. Ал абоненттік тариф қажетті сомасыз қосылмайды. Ақша салмасаңыз, сол мың теңгеңізге сөйлесесіз. Ғаламтор қызметін де сол ақша есебінен қолданасыз. Нәтижесінде сізге ол қаражат жетпейді. Сәйкесінше, келесі жолы ақша салғанда алдыңғы қарыз сол ақшадан алынады”, – дейді Ұялы байланыс компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Алексей Бендзь.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті осы ретте тексеріс жүргізді. Нәтижесінде биыл Kcell компаниясы абоненттеріне тарифті дұрыс есептемегені үшін 3,1 миллиард теңге қарыз екендігі анықталды. Ал былтыр «КаР-Тел» мен Ксеll байланыс операторларына нарықтағы басымдығын теріс пайдаланғаны үшін 700 миллион теңге айыппұл тағылды.

“Біз тексеру жүргіздік. Нәтижесінде 2009 жылы заң басқа болғандықтан, мобильді операторлар абонент сөйлесіп біткеннен кейін де байланысты үзбейтінін анықтадық. Қазір заңнама өзгергендіктен, мұндай әрекетке баруға болмайды. Біздің азаматтар бұл туралы білмеген. Олар операторлардан қаражатты қайтаруды талап етпеген. Бүгінгі таңда ақша ресми түрде өз иелеріне жіберіліп жатыр”, – дейді Әділ Қалиев, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің басқарма басшысы.

Соңғы бір жыл ішінде отандық мобильді операторлардың арасында бәсекелестік едәуір артты. Сондықтан әр клиентін сақтап қалу үшін қызмет көрсету сапасын арттыру заңдылыққа айналды. Келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін талап күшейтіліп жатыр.

“Абоненттер күнделікті қолданып келетін контентті мобильді оператордың өзі қамтамасыз етпейді. Ол үшін арнайы провайдерлер бар. Қазір біз олардан әр абоненттен кез келген қызметті пайдалануға келісімін алуды талап етіп отырмыз. Егер жаңашылдық енгізілсе, абоненттер артық ақша төлемейді. Сондай-ақ адамдар қызметті таңдағанда қателеспейді. Біз де мобильді оператор ретінде заңсыз түрде абоненттің шотынан артық ақша алмайтын боламыз”, – дейді Олжас Бибанов, Ұялы байланыс компаниясының пиар директоры.

Телефон шотындағы ақша біткен жағдайда оператор байланысты үзбесе, абонент қарызды төлемеуге құқылы. Бұл өзгеріс жаңа заңда нақты көрсетілген. Ал операторлар өз тұтынушыларына тарифтегі өзгерістер жайлы 1 ай бұрын ескертуге тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Неміс балалары қазақ халық ертегілерін оқып жүр (фото)

Жұлдыз жорамал бойынша бір біріне мүлде сай келмейтін екі белгі

Қазақстандықтар бүгін түнде жұлдыздар ағатын әсем көріністі тамашалайды

Қазақстанда әйелдердің жұмыс уақытын екі есеге қысқарту ұсынылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 16 күні кері

Орал қаласының зашаған кентінде тіптен желі ұстауды қойды. Операторларының айтатыны бір сөз жөндеу жұмыстарына байланысты

Анонимно
1 ай 16 күні кері

Оте дурыс жогалып кетеде актив деген оте онбаган сотка беру керек

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар