Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тель-Авивтік музыкант террористі гитарамен ұрып тоқтатпақ болды

Ишай Монтгомери есімді музыкант жігіт Яфф қаласында теракті жасаған лаңкесті гитара музыкалық аспабы арқылы басынан ұрған.

CdEZgZnWAAAhPNG

Бұл туралы lifenews.ru сайты хабарлайды.

Музыкант өткен-кеткенге пышақ алып жүгірген қылмыскерге таяу маңдағы жағалауда гитара тартып отырыпты. Ол бар күшімен террористің басынан ұрған. Алайда бұл соққы да оны тоқтата алмапты. Нәтижесінде музыкалық аспап сынып қалды.

CdEZgZqW8AA5S2H

Кейін Монтгомери мен бірнеше досы қылмыскерді қуып ұстауға бекінген.

Еске сала кетсек, Израилдің Яфф қаласында болған терактіден екі ресейлік зардап шеккен. Яфф қаласында қолына пышақ ұстаған террорис жасаған қауіпті әрекет кесірінен бір адам қайтыс болып, оншақты адам жарақат алған.

Талқылау