Текелідегі лай көшкіні: Зардап шеккендерге тұрғын үй беріледі
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев сел жүру кезінде қаза тапқан қыздың ата-анасына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Текелі қаласында сел жүрді. Бірнеше жекеменшік тұрғын үй бұзылып, зақымдалды. Өкінішке орай 2016 жылы туған қыз мерт болды. Жедел қызмет өз жұмысын атқарып жатыр. Зардап шеккендерге үй беріліп, көмек көрсетіледі. Марқұмның жақындарына көңіл айтамын. Жаны жәннатта болсын", – деп жазды аймақ әкімі.
- Ата-анаcы моншада болған: Текеліде көз жұмған 5 жасар қыз өлімінің егжей-тегжейі белгілі болды
- Ақмола облысында жеті жасар қыз пеште тұншығып өлді
Айта кетейік, 15 мамыр сағат12:00-де Текелі қаласы Қонаев қаласында топырақтың ылғалдануы салдарынан сел жүріп, тау бөктеріндегі үйлерді басып қалған еді. Сел кезінде үйлердің бірінле 5 жасар қыз болған. Іздеу жұмыстарынан кейін қыздың денесі табылды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"