Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақында ғана рөлге отырған жүргізушілерге 7 кеңес

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі сіздерге жақында ғана рөлге отырған жүргізушілерге  арналған 7 кеңес ұсынады.

Тәжірибелі жүргізушілердің көлік айдауды енді үреніп жүргендерге айтар кеңесі
Көптеген адамдардардың мақсаты жүргізуші куәлігін алып, бірден рөлге отыру. Алайда, автомектепті бітіргеннен кейін, алғашқы шақырымдарды өздігінен жүру өту өте қиын, тіпті артқы терезедегі «У» әрпі бар белгі де ешқандай қиындықсыз жететініңе сенімділік бермейді.

Әрине, көлік айдауды жаңадан үйренген барлық жүргізушілер сынақ пен қателіктердің стандартты жолынан өтеді. Бірден айта кетейік, барлық қиындықтар автомектептердің нашар оқытатындығында және куәлікті ақшаға сатып алғандықтан туындайды деген пікір тек ішінара шындық. Өйткені, апаттардың 70-80% -дан астамын тәжірибелі жүргізушілер жасайды. Сондықтан, алғашқы шақырымдарды қалай өткеру керектігі жайлы мысалдар мен кеңесті міндетті түрде оқуға кеңес береміз.

Бағытты барлап шығыңыз

Көлікке жаңадан отырғандарға арналған алғашқы кеңес – өзіңіз жүретін жолды барлап, бұрылыс, шұңқырларына дейін зерттеп шығыңыз. Бұны көлікте немесе қоғамдық көлікте болғанда, жүргізушінің жанында отырып үйренген дұрыс. Онда жол белгілері мен ескерпелерді, бұрылыс және аялдамаларды, сондай-ақ әрекетті есте сақтаңыз. Міне, осы белгілерді көрнекі түрде есіңізге сақтап алғаннан кейін, түнде немесе таңертең ерте шығып, сол жолмен жүріп көріңіз.

Көлік жүргізу кезінде, басыңызды біріктіру арқылы қозғалтып, жағдайды болжауға тырысыңыз. Яғни, егер ол мені қиып өтсе, мен мұнда бұрылам немесе бұл мені басып өзса, оң жаққа жүрем деп жағдайды ойлап көріңіз. Бойыңыздағы үрей басылып, тек сенімділік болғанда ғана, көлік көп жүретін уақытта шығыңыз.

Дұрыс көзқарас

Рөлге отыратын кезде бастапқы уақыттан бастап жол ережесінің барлық талаптарын мұқият орындайтыныңызға сеніп шығыңыз және басқа жүргізушілердің бұзушылық жасағанына назар аудармауға тырысыңыз. Бұл, әсіресе, сарыдан-қызылға өтіп кету, екі жолақты жолдан бұрылу, қала ішінде сағатына жүздеген шақырымға дейін жылдамдық асыру секілді бұзушылықтарға қатысты. Жүргізушілердің көбі бұны маңызды емес деп ойлайды.

Ереже қозғалыс қауіпсіз болсын деген мақсатпен ойластырылған және олардың ішіндегі кейбір тармақтар қайғылы жағдайға ұшыраған жүргізушілердің қанымен жазылған. Сондықтан, ережелер ашық түрде ақымақтық болып көрінсе де, жаман үлгіден бойыңызды аулақ ұстап, жол ережесін ұстаныңыз.

«Ұсақ-түйектерге» назар аударыңыз

Тәжірибе көрсеткендей, көлік айдауды жаңадан үйреніп жүрген адамдар жүргізуші куәлігін алғаннан кейіннен-ақ бірнеше ережелерді ұмытып қалады.

Сол үшін алдымен көлікті оталдырмас бұрын, қауіпсіздік белдігін бекітіп, сол жақ бұрылыс белгісін жағыңыз. Тіпті, көшеде сізден басқа ешкім жоқ болса да, сол жақ бұрылысты жағу керек. Екіншіден, жолда бірінші болып қоғамдық көлікті жіберу керек екенін ұмытпаңыз. Үшіншіден, бір бағытта қозғалып келе жатқан көліктер бір уақытта жол бойына тізбектелген кезде, оң жақта тұрған көлік құралына жол беруге тиіспіз. Төртіншіден, сары жарықтың тыйым салынған белгі екенін тағы еске саламыз. Сондықтан, реттеушінің арқасына шығудың қажеті жоқ. Бесіншіден, апатты болдырмаудың басқа жолы болмаған жағдайды қоспағанда, тежегішті бірден басуға қатаң түрде тыйым салынады. Бұл қарапайым нәрселер. Бірақ, біз кұн сайын жүргізушілердің ұмытып кетуінен болған апараттарды көріп жатамыз. Бұлардың қатарына тіпті, тәжірибелі жүргізушілердің өзі ұмытып кететін басқа ережені қосайық. Рөлге отырмас бұрын, өз жағдайыңызды бағалаңыз. Себебі, ұйқысы келген жүргізуші мас ажүргізушіден де қауіпті. Сонымен қатар, көңіл-күйге де қатысты осындай кеңес береміз. Егер, көңіл-күйіңіз нашар болса, қоғамдық көлікпен жүріңіз немесе такси шақыртыңыз.

Жол – жарыс ұйымдастыратын жер емес

Жүргізушілердің ең үлкен қателігі басқаларынан тез жету деген мақсаты болмақ. Мысалға, кейбір жүргізушілер бағдаршамға кім бірінші жетеді деп басқаларымен жарысып жатады. Содан кейін олардың әрқайсысы ешқандай тәжірибесіз мүмкіндігінше жылдам айдауға тырысады.

Сондай-ақ, қала ішінде мынадай көріністерді көріп жатамыз. Мысалы, бір жүргізуші ең шеткі сол жолақта, төменгі жылдамдықта келе жатқанда, артындағы көлік өткізіп жіберуін сұрап белгі береді. Бірақ, ол тыныш барып, қатарға тұрудың орнына, көлігін әдейілеп қауіпге тігеді. Нәтижесінде екі жүргізуші де зардап шегеді.

Әрқашан баяу асығыңыз

Жолды бес саусағыңыздай білсеңіз де, сапарыңызды асықпайтындай немесе кептелісте тұрып қалмайтындай етіп жоспарлаңыз. Себебі, бір жерге асығып шықсаңыз, не болмаса кептеліске тап болсаңыз апатқа ұшырап қалуыңыз әбден мүмкін. Ал бұған жол бермеу үшін ертерек шығып, тіпті шықпас бұрын ғаламтордан жолдардың қаншалықты кептеліп тұрғанын біліп алыңыз. Кептелістің басылуын жанармайға ысырап жасамай, жүйкеңізді құртпайтындай үйде, жұмыс орнында немесе кафеде күткен жақсы. Егер, сонда да көлігіңізбен кептелісте тұрып қалсаңыз тынышталыңыз және басқа көліктерді басып озып, ережелерді бұзуға тырыспаңыз.

Жүргізушінің тілін қолданыңыз

Жүргізушілер бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын шартты белгілер арнайы оқуды қажет етпейтіндей, айтарлықтай оңай және түсінікті. Жолақтарға тұру үшін, бұрылыс сигналын қосыңыз да, жүргізушілердің біреуі тоқтағанша немесе ақырын жүргенше және жыпылықтатып белгі бергенше жолақтың шетінде тұрыңыз. Осыдан кейін, жол берген көлік жүргізушісіне бірнеше рет апаттық сигналды жыпылықтап, алғыс білдіру керек.

Жүргізушілер әдетте қолданып жүрген құпия ереже: өтіп кетуді сұрайтындарды бір көліктен кейін өткізу. Яғни, көліктер тобы бұрылыс сигналын қосып, сізден көліктердің біреуін жіберіп, одан әрі қарай жүре беруіңізді күтеді.

Сондай-ақ, әрбір жүргізушінің тағы бір алтын ережесі – жолды ақымаққа беру деген ереже. Егер жолдағы басқа жүргізушінің мінез-құлқы сізге түсініксіз болса, кімнің дұрыс-бұрыс екенін анықтауға тырыспаңыз. Сіздің осындай желаяқтарға қалай қарсылық көрсеткеніңіздің салдары неге алып келетінін ойлап көріңіз және мұндай стресстік жағдайлардан аулақ болу үшін оған жол бере салыңыз.

Қызыққа дайын болыңыз

Белгілі болғандай, жағдай әртүрлі болады. Тіпті жаңа және өте сенімді техниканың өзі сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Бұл жағдайда әрбір жүргізушінің әрекет жоспары болуы керек. Яғни, қоңырау шалғанда көлікті оталдыруға, жалпы көмек көрсетуге дайын дос немесе эвакуатордың телефон нөмірі.

Егер қаражат мүмкіндік берсе, автомобиль клубының мүшесі болуға болады. Қазір ондайлар көп. Яғни, абоненттік төлем үшін сізге алғашқы қоңырау бойынша көмек көрсетіледі. Ал оны бір жылға немесе қысқа уақытқа да төлеп қояға болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау