Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстан президентінің 29 жастағы ұлы Душанбенің мэрі болып сайланды

Халық депутаттарының кеңесі 29 жастағы Рустам Эмомалидің кандидатурасын бірауыздан қолдаған, деп хабарлайды КТК.

1021484234

Негізі Эмомали Рахмонның ұлы бұл қызметті қаңтардан бері уақытша атқарып келген болатын. Ал бұған дейін жемқорлыққа қарсы күрес және қаржы бақылау агенттігін басқарыпты. 29 жастағы жігіт енді Душанбеге жауап бермек. Сарапшылар мұны «үлкен ұлды билікке дайындау» деп бағалады. Өйткені, былтыр өткен референдумға сәйкес президенттікке үміткерлердің жасы 30 жасқа дейін төмендетілген болатын. Яғни, Рустам Эмомали 3 жылдан кейін президент сайлауына түсе алады.

Талқылау