Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тауық етін қалай және қанша уақыт қайнату керек

Stan.kz ақпараттық агенттігі тұтас тауықты және оның бөліктерін қалай ерекше дәмді әзірлеуге болатыны жайлы пайдалы кеңестер ұсынады.

Тауық етін қалай және қанша уақыт қайнату керек

Тауық етін қалай дұрыс әзірлеу керек

1. Мұздатылған тауық етін алдымен ерітіп алған жөн. Сонда ғана ет біркелкі және жылдам піседі.

2. Егер жібітуге уақыт жоқ болса, онда мұздатылған етті тек суық суға салыңыз. Су қайнағаннан кейін әзірлеу уақытын тауықтың көлеміне байланысты 10-20 минутқа ұзартуға тура келеді.

3. Тауық етін қайнатпас бұрын, ең алдымен етті суық сумен мұқият шаю керек.

4. Сізге қаныққан тауық сорпасы керек болса, етті суық суға салыңыз. Бұл оған дәм мен хош иісін береді. Егер сіз тауықтың балғын және дәмді болғанын қаласаңыз, оны қайнаған суға салыңыз.

5. Сорпа дәмді болсын десеңіз тұзды қайнаудың соңында қосыңыз. Ал дәмді ет үшін тұзды басында салу керек.

6. Су толығымен тауықты жауып тұруы тиіс. Егер сіз бүтіндей бір тауық дайындайтын болсаңыз, үлкен ыдыс алыңыз.

7. Тауықты орташа қалыпты отта ыдыстың бетін жаппай, қақпақсыз қайнатыңыз. Пісіру барысында пайда болған көбікті алып тастау қажет.

8. Суға пияз, лавр жапырағы, ұнтақталған қара бұрыш немесе басқа да дәмдеуіштерді қосу арқылы етті хош иісті әрі дәмді әзірлеуге болады. Оларды тауық салынған су қайнаған кезде ғана қосу керек.

9. Ескірген етті ұсынылған дайындау уақытынан да көп қайнату қажет. Процесті жылдамдату үшін ескі тауық етін бүтіндей емес, тек бөліктерге бөліп дайындаңыз. Етті жұмсақ етіп әзірлеу үшін, оны лимон шырынымен маринадтап, шамамен бір сағатқа қойып қойыңыз.

Тұтас тауықты және бөліктерін қанша уақыт қайнату керек

Пісіру уақыты тауық салынған су қайнаған кейін есептелінеді. Тауықтың дайын екендігіне көз жеткізу үшін оған пышақ немесе шанышқы шаншып көріңіз. Дайын болған тағам жұмсақ болатындықтан құрылғылар етке оңай кіруі керек.

Тұтас тауықты қанша уақыт қайнатқан жөн

Орташа бір бүтін ұша шамамен 1 сағат қайнайды. Егер тауық үлкен болса, әзірлеу уақыты 20-30 минутқа ұзартылады.

Тауықтың төс еті қанша уақытта дайын болады

Сүйек пен терісі жоқ төс ет 15-20 минуттың ішінде дайын болады. Бұл ретте жон етті екіге немесе үлкен бөліктерге кесіп салған жақсы. Сүйегі және терісі бар төс ет сәл ұзақ қайнатылады, шамамен 30 минут.

Тауықтың сан етін қанша уақыт қайнатқан дұрыс

Бүтін тауықтың сан еті шамамен 40 минуттай қайнауы керек. Сан етті сүйегімен және терісімен бірге салсаңыз шамамен 40 минут қайнайды. Ал, аяғы шамамен 30 минутта дайын болады. Сондай-ақ, құс ұшасының сүбесі сан етке қарағанда 10-15 минуттан аз уақытта піседі.

Тауық қанаттары қанша уақыт қайнатылады

Тауық қанаттарын әзірлеу үшін шамамен 30-35 минут кетеді.

Тауықтың ішек-қарнын қанша уақыт қайнатқан жөн

Тауық бауыры тез дайындалады – шамамен 15 минутта піседі. Жүректі шамамен 40 минут пісіру керек. Бірақ, оны әзірлемес бұрын алдымен 40-60 минут сүтке немесе тұздалған суық суға салып қою қажет.

Ал тауықтың ішек-қарны 1-1,5 сағат қайнатылады. Тауықтың қалған бөлігінен айырмашылығы, ішек-қарынды суық суға салып қайнату керек. Егер оларды қайнаған суға салса, ішек-қарын қатты болып қалады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау