«Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының» басшысы қамауға алынды
Қарағанды полициясы «Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының» төрағасы Талғат Ақуовты қолға түсіріп, тергеу жүргізу үшін Алматыға жіберді. Бұл туралы Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Полиция көптеген азаматтар «Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастық» басшысы Талғат Ақуовтың үстінен арыз жазып, шағымданғаннан кейін оған қылмыстық іздеу жарияланғанын мәлімдеді.
Іздестіру іс-шаралары барысында Талғат Ақуов Қарағандыда ұсталып, тергеу жүргізу үшін Алматыға жеткізілді.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері «Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы» басшысының қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға оның үстінен тәртіп бөліміне шағымдана алатынын айтты.
Оқи отырыңыз:
Оңтүстік Қазақстанда жоғалған қыздың денесі табылды
БҚО-ның алты полиция қызметкері қылмыс материалдарын таратқаны үшін жазаланды
ОҚО-да өлі күйінде табылған қызды басқа баламен шатастырып алды
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды