Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім Ди Каприомен бірге киноға түскісі келетінін айтты

Еліміздегі ең тартымды актерлердің бірі Тәуекел Мүсілім Голливудты бағындыруды көздер отыр. Актер жігіт жуырда актерлік білімін шыңдау үшін Америкаға аттанбақ.

тауекел ди каприо

Коллаж: Stan.kz

Бұл туралы Тәуекел hommes.kz басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Тәуекел жуырда түсірілімі аяқталған “Брат или брак” фильмі жайында айтып берді.

“Фильм осы күзде көрерменмен қауышады. Аталған кинокартинаның режиссері – өте талантты азамат Ернар Нұрғалиев. Фильмде мен өзім үшін ерекше образды, нақтырақ айтсам, Марсель есімді өзімшіл ұшқышты сомдаймын. Шын мәнінде өмірде мен образыма қарама-қарсы адамммын. Бірақ көпшілік мені өзімшіл деп ойлайды. Меніңше, көрерменнің есінде ұзаққа дейін сақталатындай жақсы комедия дүниеге келді. Ал болашақта түсірілетін жобалар жайында әзірге ештеңе айта алмаймын. Себебі әлі де талқылау, келісу жұмыстары жүріп жатыр”, – деп бөлісті Тәуекел.

Актер жігіт жақында АҚШ-қа кететінін растап, біліктілігін шыңдаған соң Голливудқа қадам басуы мүмкін екенін айтты. Бұдан кейін Тәуекел болашақта қандай жұлдыздармен бірге киноға түскісі келетінін баяндады.

“Шынымды айтсам, кез келген рөлді сомдауға дайынмын. Мейлі, ол эпизодтық, мейлі екінші кезектегі рөл болсын… Жалпы Қазақстанда да эпизодтан бастадым, кейін басты рөлдерге шақырылдым. Ал актерлерге келсек, қазір мен таңдайтын жағдайда емеспін. Дегенмен күндердің күнінде Роберт Де Ниро, Аль Пачино, Леонардо Ди Каприо, Джордж Клуни, Бред Питт немесе Дуэйн Джонспен бір алаңда жұмыс істегім келеді. Айтпақшы, көпшілік мені Дуэйн Джонсқа ұқсатады. Сондықтан да оның інісін сомдауға қуана келісер едім”, – деді Тәуекел күліп.

Жіберіп алмаңыз:

“Кардашьян маза бермеді”: Мақпал Исабекова тағы да стилін өзгертті

“Алматы аруы-2017” атағын жеңіп алған сұлу жайлы не білеміз (фото)

Қайрат Нұртас “Арман” фильмінің трейлерін жариялады (видео)

Қыдырәлі Болманов Голливудтағы күндерін сағынышпен еске алды (видео)

Талқылау