Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүслім Ерке Есмаханды олимпиада чемпионынан қызғанып қалды

Соңғы уақыттары ел арасында әнші Ерке Есмахан мен актер Тәуекел Мүслімнің арасында махаббат оты лаулады деген қауесет көбейді. Оған себеп жұрт қос жұлдызды жиі бірге көретін болды. Екеуінің бір бағдарламаның тізгінін ұстағаны тағы бар.

Screenshot_21

Ал Ерке Есмаханның жаңа бейнебаянындағы бет-әлпеті анық көрінбейтін «күйеуін» Тәуекелге ұқсатқандар көп болды. Өз сөзінде Ерке бейнебаяндағы отбасының шынайы өмірде болғанын қалайтынын айтты.

«Бейнебаянда өз ұлымнан бөлек арманымдағы ер азаматым мен кішкентай қыз бар. Ол менің қиялымнан туған. Болашақта толыққанды жанұямның болғанын қалаймын», – деп пікір білдірді Ерке.

Күні кеше Алматыда өткен «Жыл таңдауы» музыкалық бәйгесін Ләйлә Сұлтанқызымен бірге Ерке Есмахан, Тәуекел Мүслім және олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жүргізді. Ерке желіге талай қыздың арманына айналған сері жігіттермен түскен суретін жүктеді. Бір қызығы, әншінің жазбасы халықтың болжамын растап тұрғандай. Өз сөзінде Ерке Тәуекелдің Даниярға қызғана қарағанын меңзегендей болды.

«Кеше алыстағы Даниярды көріп, жақындағы Тәуекелімді ұмытыппын. Біртүрлі қыз», – деп жазды Ерке.

Желі қолданушылары екеуінің жарасымды жұп екенін айтты. Кейбіреулер Тәуекелдің сценариймен басы қатып тұр деп топшылады.

Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан: Ұлымды ойлағандықтан әкесіне қатысты көп жайтты жасырып қалдым

Асхат Садырбай Ерке Есмаханға жауап берді: Әркімнің өз ақиқаты бар

Мөлдір Әуелбекова: Босанар кезде қасымда серігімнің болғанын қалаймын

Ninety One тобы сырға мен сахнада жұлқынып би билеуден бас тартты (видео)

Ернар Айдар: Өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қаракөздерді көргенде намыстанам

 

 

 

 

 

Талқылау