Ninety One тобы сырға мен сахнада жұлқынып би билеуден бас тартты (видео)

Ninety One тобы “Жыл таңдауы” концертінде би билемей қойды. Тіпті, түрлі-түсті шаш пен сырғадан бас тартты. Топ мүшелері осылайша хейтерлерге қарсылық білдірмек болған сыңайлы.

14705189_1660779717584543_8282918857824272384_n

Фото: instagram.com/91ninetyone.kz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Алматының төрінде “Жыл таңдауы” атты концерттік шара өтті. Аталған шарада Қазақстанның ең үздік әншілері марапатталды. Олардың қатарында Ninety One тобы да болды. Топ мүшелері түрлі-түсті киімдері мен сырғаларынан бас тартқан екен. Тіпті, жылдам ырғақты әндеріне би билемей, бір орында тұрып өнер көрсетті.

Бұл жолы таңдаулары тек ақ-қара киімдерге түскен-ді. Жігіттердің осы әрекеті оларды жақтаушыларға да, даттаушыларға да тосын сый болды. Әдетте “Қалай қарайсың?” атты әндерінің қайырмасында EagleZ олардан би күтетін. Бірақ, бұл жолы олар сүйікті әншілерінің әнді бір орында тұрып орындағандарын түсіне алмады.

“Бәріңе, сәлем! Сіздермен бірге 91 тобы. Жалпы бізді қолдаған тыңдармандарымызға үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Біздің компаниямыздың басты мақсаты – әлемдік бәсекелестікке шығу. 91 тобы соны ұйымдастыруға бар күшін салады!” – дейді жігіттер.

Топ мүшелері осылайша хейтерлерге қарсылықтарын көрсеткісі келген сыңайлы. Десе де, бұл олардың тыңдармандарының махаббатын үдете түскендей болды. Желіде керісінше олардың бұрынғы қалпында өнер көрсеткендерін қалайтындықтарын жазып жатқандар да, оларды кез келген образда қабылдайтындарын айтқандар да болды.

“Дәл қазір “Жыл Таңдауы” кешінде болдым. Көрермендердің 80% Ninety One үшін келгенін бірден байқалды. Аталған топ соңында шығып, “Қалай қарайсың” әнін орындады. Бес жігіт, қара шаш, сырға жоқ, қара костюм киіп, әннің басынан аяғына дейін күлместен, орындарынан қозғалмай әнді бітірді.Иә, бұл xейтерлерге деген қарсылық! Адам айтқысыз әсер! Бүгін ресми түрде иглз болдым!” – деп жазады Ринат Темірболатұлы өзінің фейсбук парақшасында.

15109633_555283741333025_1539258217335435256_n

Ninety One тобы осы әрекеттерінің арқасында өзінің тыңдармандарының санын арттыра түскендей. Олардың ары қарай қандай стильде киініп өнер көрсететіні әзірге белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Аша Матайдың әкесі бажасын түрмеден шығаруға көмектесетінін айтты

Баян Есентаева: Бетімнің кем-кетік тұстарын есіме сала берудің қажеті жоқ

Тұңғышбай Жаманқұлов ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарып берді

Күйеуі Сиви Махмудидің туған күніне жаңа көлік сыйлады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар