Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Татуласқан Төреғали мен Ерке “Сәлеметсізбе” әнін жаздырды

Араға бірнеше ай салып қайта татуласқан Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан тағы да дуэт жазды. Бұл жолы олар “Сәлеметсізбе” атты әнді орындайды.

image

Фото: instagram.com/toregalitoreali/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды

Алло әні қалай жылдам таралса, қос әншінің айналасындағы шу да дәл солай лап ете түсті. Сол кезде Төреғали мен Еркенің продюсерлері сөзге келіп қалды. Әншілердің қыл өтпес әріптестік ара-қатынастарының бұзылуына қаржы мәселесі сеп болған. Төреәлінің әкесі бұдан былай Баян Есентаевамен бірігіп жұмыс жасамайтындығын кесіп айтты. Тіпті жоспарлап қойған фильмге де екеунің бірге түспейтіндігін хабарлады.

“Арадағы жанжалға еш қатысым жоқ” деп ақталған Төреғали Еркемен бірге өнер көрсетуіне байланысты шешімді тек өзі ғана қабылдайтындығын жеткізді. Артынша сөзінде тұрып, концертіне қырғыз әншісін алдыртты. Нарғыз есімді бойжеткенмен бірігіп “Алло” әнін орындады.

Енді міне араға бірнеше ай салып Төреғали мен Ерке қайта татуласты. Олар тіпті “Алло” әнінің жалғасына дуэт жазып үлгерген екен. “Алло әні шыққан кезде Қайнар, Құрал бауырларым оның жалғасын да жазып қойған болатын. Ол “Сәлеметсізбе” деп аталады. Содан кейін айқай-шу секілді бірнәрсе болып кетті. Жаңағы әніміз орта жолда қалып кетті. Өнер болған жерде артық ешнәрсе болмауы керек. Өнерге әншінің мінез-құлқы, қуанышы мен қайғысы әсер етпеуі тиіс. Өнердегі адам өнерпаз міндетін атқарсын. Сол себепті неге дайын тұрған әнді орындап шықпасқа?! Ерке екеуіміз айтсақ айтайық деп концертін болатын күнге дейін “Сәлеметсізбе” әнін жазып үлгердік. Концертімде Ерке екеуіміз ғана жаңа ән орындадық”, – дейді Төреғали Төреәлі.

Мұнымен қатар, әнші болашақта аталған әнге бейнебаян түсірулерінің мүмкін екендігін де айтып өтті. Әзірге Төреғали Төреәлі студенттік шағына арналған бейнебаян түсіріп жатыр. Аталған туындының түсірілім жұмыстарына Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген сынды курстастары атсалысуда.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Ерке Есмаханды тележүргізуші бүлдіршінге айырбастады (видео)

Төреғалимен бірге ел аралаған Ерке мәдениетсіздік танытқан (фото)

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан қайта табысты

Ерке Есмахан әнші Төреғалидың концертіне келмеді

Талқылау