Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Татарстанда екі айлық немересін шелекке тастай салған әже жазаланатын болды

Татарстанда немересін өлтірмек болған егде әйел 9 жыл бас бостандығынан айырылатын болды, деп хабарлады ТР прокуратурасының баспасөз қызметі. Бұл туралы zpravda.ru сайты жазды.

578_0_0

2015 жылғы 23 сәуірде Қазан қаласында араққа сылқия тойған 51 жастағы Рузалия Ғайнуллина екі айлық немересінің жылай бергеніне шыдай алмай оны көтеріп алып, еденге лақтырып жіберген. Сосын баланы балконда тұрған шелекке апарып тастаған.

Алайда, туыстары нәрестеге уақтылы көмек көрсетіп үлгерген. Баланың денсаулығына зиян келіп, басынан жараланған. Әйел өз кінәсін мойындамады. Сот оған жалпы режімдегі түзеу колониясында 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

 

 

 

Талқылау