Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ташкентте палау басудан әлемдік рекорд орнатылды

Өзбекстан астанасы Ташкентте палау басудан әлемдік рекорд орнатылды. Бұл жолы аспаздар тай қазанда 7 тонна 360 келі палау пісіріп, жетістігін Гиннестің рекордтар кітабына жаздырды.

b4gNyk15030463099766_b

Бұл туралы “Хабар 24” хабарлайды.

Асты әзірлеу үшін 1,5 тонна қой еті, 1 тонна 900 келі күріш, 2,5 тоннадан астам сәбіз бен 220 келі пияз қосылған. Бұдан бөлек, дәмдеуіштің бірнеше түрі тағы бар.

Ала тақиялы ағайындардың ұлттық асы «Өзбегім» деп аталатын дәстүрлі мәдени фестиваль аясында әзірленді. Оны пісіруге елдің түпкір-түпкірінен 50 аспаз атсалысқан. Ал дайын болған дәм фестиваль қонақтарына балалар және қарттар үйіне таратылды.

“Осы палауды көру үшін Бекабад қаласынан арнайы келдім. Өзіммен бірге бала шаға, немерелерімді де ертіп алдым. Әрқашан асымыз көп, жұртымыз тыныш болсын! Ал мемлекетіміз гүлдене берсін”, – дейді фестиваль қонағы Каримджон Абдураззоков.

Оқи отырыңыз:

ИЫҰ бас хатшысы: Исламофобиямен ғылымның көмегімен күресу қажет

Үндістанда жеті тісі бар сәби дүниеге келді (фото)

Көп қабатты үй құлады: «Ирма» дауылының қорқынышты видеолары тарады

Lexus көлігінде 4 адам тірідей жанып кетті

Талқылау