Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ИЫҰ бас хатшысы: Исламофобиямен ғылымның көмегімен күресу қажет

Бүгін  елорда төрінде өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде ИЫҰ Бас хатшысы Юсеф бен Ахмад әл-Осеймин Исламофобиямен ғылымның көмегімен күресу қажеттігін алға тартты.

20170910135942

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Ағымдағы жағдай мұсылман әлемі алдына қауіп-қатер төндіріп отыр. Қазіргі уақытта біз шынайы қауіптің алдында тұрмыз. Себебі, терроризм, экстремизм, исламофобия кеңінен етек жайып келеді. Мұнымен қатар,  біздің елдерімізде жұмыссыздық, сауатсыздық пен кедейшілік сынды проблемалар да бар. Біз бұлармен күресуіміз қажет әрі бұл күресте ғылым мен технологияларды қолдануға тиіспіз. Біз қоғамымызға сәйкесінше білім беруіміз керек”, – дейді ол.

Бас хатшының айтуынша, ИЫҰ тамаша жетістіктерге қол жеткізген жас ғалымдарға арналған  медицина, инженерия және ақпараттық технологиялар саласындағы кешенді бағдарлама әзірлеумен айналысып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда жеті тісі бар сәби дүниеге келді (фото)

Көп қабатты үй құлады: «Ирма» дауылының қорқынышты видеолары тарады

Lexus көлігінде 4 адам тірідей жанып кетті

БҰҰ-ның бас хатшысы Мьянма үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды

Талқылау