БҰҰ-ның бас хатшысы Мьянма үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды

Бейсенбі, 7 Қыркүйек , 2017 19:02

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Мьянма үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды. Антониу Гутерреш қанды қақтығысты доғару үшін Қауіпсіздік кеңесіне жоспар құруды да ұсынды.

087f9eb70e77d87cf2982a5d3a5a864a

Мьянмадағы текетірес 25 тамызда басталған еді. Ол кезде рохинджа баскесерлері Ракхайндағы полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған. Нәтижесінде, кей мәліметтер бойынша, 400-ге жуық адам қаза тауыпты, деп хабарлайды Алматы арнасы.

«Менің ойымша біз этникалық қақтығыстың алдында тұрмыз. Бірақ олай болмайды деп үміттенемін. Сол себепті, Мянманың барлық азаматтық және әскери билік өкілдеріне аймақты тұрақсыздандыратын бұл зорлықты тоқтатуға шақырамын»,- деді Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы, Антониу Гутерреш.

Рохинджалық мұсылмандар Бангладешке қашуға мәжбүр. Біріккен Ұлттар ұйымының дерегінше, соңғы екі аптада шекараны 123 мың адам кесіп өткен.  Бірақ әскерилер Мьянмадан кетіп жатқан халықты оқтың астына алып жатыр.

Ал жергілікті билік өкілдері лаңкестермен күрес жүргізіп жатқанына сенімді. Айта кетейін, қазіргі уақытта әлеуметтік желілер арқылы миллиондаған қолданушылар геноцидты тоқтатыңдар деген үндеу жолдауда. Сонымен қатар, кей елдерде бұл зұлматқа қарсы шерулер де өтіп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Күн аса күшті жарылыс әсерінен сілкінді

Қырғызстанда теракт жасауға дайындалған ДАИШ содыры ұсталды

Шешенстан елі Мьянма мұсылмандарын қорғау мақсатында жаппай шеруге шықты (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар