Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ташкент әуежайында Кәрімовпен қоштасу рәсімі өткізілді

Ташкент әуежайында Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовпен қоштасу рәсімі өткізілді. Бұл туралы видеоны Uzreport TV телеарнасы Фейсбуктегі парақшасыныда жария етті.

«Ташкент әуежайында Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовпен қоштасу рәсімі өткізілді. Қаралы рәсімнің қалған бөлігі Кәрімовтің туған қаласы Самарқанда өткізіледі»,- делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанның тұңғыш президентінің денесі ұшақ арқылы Ташкенттен Самарқанда аттандырылды.

Еске сала кетсек,  ел билігі Өзбекстан басшысының қайтыс болғанын ресми кеше хабарлаған еді. Ислам Каримовты бүгін Самарқанд қаласына жерлейді.

Талқылау