Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарихта алғаш рет: Екі әйел бір баланы өмірге әкелді

Бір баланы екі әйел өмірге әкелді. Ерекше тәжірибенің көмегімен бала сау туды.

АҚШ-та Эшли мен Блисс Коулте ерекше тәжірибенің қатысушысы болды. Өзара  экстракорпоральді ұрықтандырудың көмегімен бір әйелдің аналық жасушасынан ұрық алынып, екіншісінің жатырына салынған.

Ұрықтың ұрықтандырылған жұмыртқалары биоматериалды орналастырғаннан кейін, бес күн ішінде өмірге қабілетті эмбрион пайда болды. Эмбрион Эшлидің жатырына ауысқан соң он күн бойы мамандардың бақылауында болды.

Зерттеушілердің айтуы бойынша, жаңа әдіс үлкен шығынтарды талап етпейді. Құны 15 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл «классикалық» қолдан ұрықтандруға қарағанда екі есе аз.

Мамандардың айтуынша, бала ерекше әдіспен дүниеге келсе де, дені сау болып туды. Қазір бес айлық. Бұлайша ұрықтандыру жолы бала мүлде сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптыларға көмегін береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау