Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жантүршігерлік апат болып, 24 адам ауруханаға түсті

Таразда болған жол апаты отызға жуық адамның өмірін жалмай жаздады. Жүк көлігі автобусты соғып, ішіндегі 24 жолаушы жарақат алған. Барлығы дереу ауруханаға жеткізіліп, шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілді. Құдай сақтағанда адам шығыны жоқ. Ал апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

вуц

Оқиға күндізгі ондар шамасында болған. Негізгі жолда кетіп бара жатқан жолаушыларға лық толы автобусты қиылыстан шыққан Камаз бүйрден екпінмен келіп ұрыпты. Қатты соққыдан аударалып кете жаздаған қоғамдық көлік жолдың жиегіне шығып кетіп, әзер дегенде тоқтаған. Автобустың ішінде нақты неше адамның болғаны белгіз. Бірақ, ауруханаға жалпы саны 24 жолаушы жеткізілген. Соққы өте қатты болса керек, өйткені ауыр дене жарақатын алғандары бар.

“№1-ші қалалық ауруханаға 24 науқас жеткізілді. Оның ішінде төртеуіне ота жасалды. Біреуінің кистасы жарылып кеткен. 18 жастағы қыз. Біреуінің оң жақ иығы сынған. Оған гипс саланып, травматологияда жатыр. Ота жасалады”, – дейді Тараз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев.

Тағы екі науқастың ішкі құрылысы қаты зақымданған. Бірақ, дәрігерлер ешбірінің денсаулығына төнген қауіп жоқ деп сендіреді. Ал, өзге жапа шегішулер ақхалаттылар қарауынан соң үйлеріне жіберілген. Жалпы көшенің дәл осы қиылысындағы бағдаршам, өткендегі алапат желден кейін әлі істемей тұр. Апатқа сол да себеп болуы мүмкін. Ал, оқыс жағдайдан өзі де жарақат алған автобус жүргізушісі Камаздағы әріптесін кінәлап отыр.

“Қатты келе жатты. Қашам дегенше, бір метрдей жерге сүйретіп апарды. Сигнал берген жоқ, келген бойда зу ете қалды. Жол беру керек еді маған, жол бермеді. Тоқтаған да жоқ”, – дейді автобус жүргізушісі Әбдіқадыр Нарымбетов. Қазір іс қозғалып сотқа дейінгі тергеу жүруде. Сондай-ақ, Камаз жүргізушісінің ішімдік ішкен-ішпегендігі де анықталады. Ал, апат болған жердегі бағдаршам, оқыс оқиғадан соң бірден іске қосылған.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде 3 жасөспірім ойнап жүріп суға ағып кетті

Кісі қолынан қаза тапқан жігіттің әжесі: Ату жазасының болмағаны өкінішті

Солтүстік Қазақстанда екі әйел зейнеткер әжейді соққыға жығып, тонап кеткен

Ақмолада оқушы қыз емтихан алдында өз-өзіне қол жұмсады

Талқылау