Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда тұрғындардың мемлекеттік бағдарламамен алған үйлерінің төбесінен су ағып жатыр

Айтуларынша, ипотекамен берілген пәтерлер жыл өтпей жатып бүлінген. Яғни, алғашқы қардың өзінде төбеден су ағып, қабырғалары көгеріпті. Тіпті, жылу да жөнді берілмей тұрғындар бүрсең қағып отыруға мәжбүр, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

щ

Жарнамасы жер жарған су жаңа үйлердің қазіргі сыйқы осы. Төбеден су ағып тұрғындар пәтер ішінде қолшатыр ұстауға мәжбүр. Бөлме ішіне су аққаны өз алдына, қабырғалары да көгерген. Бұған наразы бұқара енді мемлекеттік бағдарлама негізінде баспана алғандарына өкінеді. Бұл пәтерлерді жалпы саны екі жүзге жуық отбасы биыл көктемде алған. Бүгінде шатырдың сапасыз екені белгілі болып отыр. Яғни үй жабындысы жөнді жабылмай, еріген қар суы ішке аққан. Қабырғалардың да көгеруіне сол себеп дейді. Ал, жылудың жетпей жатқанын тұрғындар түсінбей дал.

“Батареялары ыстық емес, бесінші қабаттан су кетіп жатыр. Төбенің бәрінде мұз қатып жатыр. Газ қоссақ  терезе буланып кетіп жатыр”, – дейді Тараз қаласының тұрғыны Лаура Мұстафаева.

Сумен алысып әлекке түскен жұрт жауаптыларға бірнеше мәрте арыз түсіргенімен көптің жанайқайына құлақ асқан тірі пенде болмаған. Ал, мердігер шатырдың сапасыз жабылды дегені бекер дейді. Айтуынша, жабындыға қатқан мұз балкон арқылы ішке еріп құйылған. Енді мұзды уатып жағдайды реттеп бермек. Ал, қабырғалардың көгеруіне су құбырындағы апат себеп екен. Яғни, ақаудан жылу уақытылы берілмей, көп қабатты үй мұздап қалған.

“Жылуды уақытысында бере алмай қалдық. Жылытып үлгере алмай қалдық, Тұрғындардың сөздерін есепке алып, жәрдем етуге тырысып жатырмыз”, – дейді «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС бас инженері Шамшидин Розиев.

Дегенмен құрылыс компаниясы кеткен кем-кетікті өз қаржыларына жөндеп беруге уәде етті.Тіпті, қалпына келтіру жұмыстарына бүгіннен кіріскен.

Жіберіп алмаңыз:

Аягөз тұрғыны таксиге жалған 20 мың теңге төлеп, қайтарым ақшасын алып кеткен

Ресейде ұры таксист жолаушыларын мандарин беріп улап отырған

БАҚ: Фидель Кастроның 35 мың әйелі болған (фото)

Тест: Жұлдыздардың қайсысының жасы үлкен екенін анықтай аласыз ба?

Талқылау