Таразда жолаушылар 9 жасар қызды педофилден құтқарып қалды

Таразда ер адам 9 жасар қызды зорламақшы болды. Оның қызды подъезге қарай сүйреп алып бара жатқанын оқушылар көріп, көмек шақырған.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлады.

Қызды ата-анасы мектепке дейін жеткізбеген. Бір қиылыста ер адам қызды ұстап алып, жақын жердегі подъезге сүйреген.

“Мен оны қудым, жігіт қатты шаршап қалып, өзі берілді. Мен оны қуысқа келгенде ұстап алдым. Қолын қайырып, машинаға апарып, терезенің ішіне қолдарын қысып қойдым“, – дейді 61 жастағы такси жүргізушісі Бекболат Досанов.

Құқық қорғау органдары жігітті  ұстады. Ал, қыз дәрігерлердің қарауында. Дірігерлік сараптаманың қорытындысы бойынша, педофил қызға азғын ойын жасап үлгермеген.

“Егер бұл оқиғаны оқушылар көрмегенде, сорақы болушы еді. Елестетуге қорқамын. Қызбен қазір психологтар жұмыс істеуде. Біз өз тарапымыздан бақылауды күшейтеміз. Ата-аналарға балаларды мектептің есігіне дейін шығарып салуды сұрадық“, – дейді № 8 мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Әлішер Әзімбаев.

Тергеу нәтижесінде, ер адам 10 жылдан бері психдиспансерде тіркеуде тұрғаны белгілі болды. Ол өзінің кінәсін мойындады.

Тағы оқыңыз:

Астанада тергеу изоляторында «Қазавтожолдың» бұрынғы басшысы асылып қалды

Қарағандыда көлік жүргізушісі жүкті келіншекті қағып өлтіріп, қашып кетті

Алматыда жалаңаштанған ер адам көшедегі көліктерге жол бермей, қиратпақ болды (видео)

53 жастағы такси жүргізушісі көлігіне жылынып алу үшін отырған 12 жасар қызды зорлап тастаған

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар