Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда екі жасар бала аурухана терезесінен құлап кетті

Тараз қаласының ауруханасында қайғылы оқиға орын алды. Қаладағы ауруханалардың бірінде екі жасар бала терезеден құлап кетті. Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Таразда екі жасар бала аурухана терезесінен құлап кетті

“12 маусым күні сағат 14:00-де облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында оқыс оқиға орын алды. Ата-анасы қараусыз қалдырған екі жасар бала абайсызда екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала дереу ауруханаға жатқызылып, оған «жабық сүйек-ми жарақаты» деген диагноз қойылды. Бүлдіршіннің жағдайы тұрақты, қазір ол есін жиды”, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау