Таразда 5 жасар қызды пойыз қағып кетті
Жамбыл облысында 5 жасар қыз пойыз астына түсті, деп хабарлайды Stan.kz өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 мамырда Таразда 5 жасар қыз Құмшағал – Шөлдала станциясы №1 пикеті өткелінің учаскесінде жүк пойызының астына түсіп, ауруханаға жеткізілді», – делінген ведомствоның хабарламасында.
Зардап шеккен қыз ауыр халде жатыр. Оқиға Жамбыл – Арыс бағытында болған. Оқыс оқиға салдарынан өзге пойыз қозғалыстарына бөгет болған жоқ.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен