Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сотталған актер Ерлан Біләл 16,5 миллион теңге айыппұлды төлей алмай жатыр

Актер Ерлан Біләл сот үкіміне сәйкес төлеуі тиіс болған 52,5 миллион теңгенің 36 миллионын ғана өтеді.

Ерлан Біләл бұған дейін Мұхтар Әуезов атындағы драма театрын басқарған болатын.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ерлан Бәліл өтініш жазып, төленбеген 16,5 миллион теңгені төлеу уақытын ұзартуды сұрады.

Сот үкіміне сәйкес, театрдың бұрынғы басшысына 52,5 миллион теңге айыппұл салынған.

Есте болса, ақпанның 7-сінде Алматының Алмалы аудандық соты Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директорына «пара алуға әрекеттену» айыбын тағып, оған  52 миллион 500 мың теңге айыппұл салған еді. Бір ғана жалақыға қарап отырған әртіс қомақты қаржыны әлі төлеп бітіре алмағын айтты.

Тағы да оқыңыз:

Ерлан Біләл «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын қайтарып алды

Пара алып сотталған Ерлан Біләл актер болып жұмыс істей береді

Қанағаттандыра да алмайсыңдар: Атышулы Замира ер азаматтарға тағы да өкпесін айтты (видео)

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр