Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Тараз» кинофильмі халықаралық фестивальде екі бірдей аталымды жеңіп алды (фото)

Режиссер Нұртас Адамбайдың экранға енді шығатын «Тараз» фильмі халықаралық Genre Celebration Film Festival (Лос – Анджелес, АҚШ) фестивалінде екі бірдей аталымды жеңіп алды.

14240998_1774859996123775_1231139954_n

«Үздік оператор жұмысы» және «Үздік драмалық фильм» аталымдарын жеңіп алған туынды бұдан өзге де бірнеше халықаралық фестивальге жолдама алған. Олардың жауабы әлі келмеген.

Бұл туралы фильм режиссері, продюсер әрі актер Нұртас Адамбай желідегі парақшасында жариялады.

14334368_1699337857058631_261982357_n

«Қуанышты жаңалық! Біздің жаңа «Тараз» фильміміз халықаралық Genre Celebration Film Festival (Лос – Анджелес, АҚШ) фестивалінде ең негізгі екі аталымды жеңіп алды: «Үздік оператор жұмысы» және «Үздік драмалық фильм». Бұл мен үшін маңызды жеңіс, себебі «Тараз» өзгеше жанрдағы менің алғашқы туындым. Фильмнің түсіріліміне ат салысқан жандарға, бізге жанкүйер болып, сенген адамдардың бәріне алғысыз шексіз. «Тараздың» алғашқы фестивалі жеңіс алып келді. Алға, Қазақстан!» – деп жазды Адамбай.

Режиссер қараша айында марапаттау рәсіміне аттанатынын айтты.

14280653_292744484445969_428864981_n

Айта кетейік, күні кеше танымал режиссер Тимур Бекмамбетов отандық фильмдердің билет бағасын арзандатуды ұсынған еді. Ал Нұртас Адамбай оның пікіріне қарсы шығып, мұндай қадаммен өз абыройымызға нұқсан келтіретінімізді айтқан болатын.

Жіберіп алмаңыз: 

Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” фильмінің кинопрокатқа шығатын күні белгілі болды (видео)

Мұхамедиұлы: “Қазақ елі” фильмі Бекмамбетовтың киносының көлеңкесінде қалып қоюы мүмкін

Нұртас Адамбай неліктен үнемі көңілі толмай жүретінін түсіндірді

Нұртас Адамбай саясатқа бет бұруы мүмкін екенін меңзеді

Талқылау