Танымал журналистер Беларусь еліне алтын әперген қазақ қызына сый беруді ұсынды

Күні кеше Пхенчан Олимпиадасына Беларусь құрамасы атынан шыққан Қазақстан тумасы Динара Әлімбекова алтын медаль иеленген еді. Ендігі қазақ журналистері Беларусь еліне алтын әперген қазақ қызына сый беруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Журналист Несіп Жүнісбаев  Facebook желісіндегі парақшасында спортшы Динара Әлімбекова Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен жағдайда, мұндай жетістікке жете алмайтынын айтты.

«Қазақ қызы – Олимпиада чемпионы! Қуан, қазақ, бөркіңді аспанға ат, бүгін мың жыл күткен ұлы жаңалық туды тарихта: Қазақ қызы Динара Әлімбекова Пченчхан Олимпиадасында Олимпиада чемпионы атанды! Иә,иә,қате естіген жоқсыз, Динара Әлімбекова Олимпиада чемпионы атанды! Бірақ Сіз оны Қазақстан құрамасының тізімінен іздемеңіз. Ол Белорусь құрама командасының сапында эстафеталық биатлон жарысында чемпион атанды. Динара үш жасқа толған шағында ата-анасы Белоруське көшкен екен, содан бері Белорусьте тұрады. Бұл да Жаратқанның бізге жасаған сиы. Егер Динара Қазақстанда тұрса, бүгін жоғарыдағы ұлы жаңалық болмас та еді. Ол ғаламат спортшы қыз Домрышевалармен бір құрамада сынға түскен соң ғана осындай ұлы жеңіске жетіп отыр», – дейді журналист.

Сондай-ақ, ол Динара Әлімбекованы елге шақырып, сый-сыяпат жасаған жөн екенін айта кетті.

«Енді біз Динара аруымызды елімізге қонаққа шақырып,сый-сияпатын жасап, ел екенімізді, ұлт екенімізді көрсетуіміз керек. Ол сол елде тұра берсін. Қаны қазақ қызымыздың Олимпиадаларда топ жара беруі үшін бұл жағдай да аса маңызды. Бүгінге дейін оны ешкім шақырмаған екен, енді шақырған ұят болады. Ең бастысы біз оны мына қар қауып жатса да ТВ камерасына күле қарап, «Мен өз жүгірген, секірген, мылтық атқаныма ризамын!» деп тұрған Қазақстанның намыссыз қыздарына қосылып, болашақ тарихи жеңістерінен құр қалмауы үшін,дәл сондай намысты елде тұрып,Олимпиадалық жарысқа бара берсін! Қайда жүрсе де Динара Әлімбекова қызымыздың қаны қазақтығы жетеді бізге. Қазақ халқы,қыздарыңыздың Олимпиада чемпионы болғаны құтты болсын! …Шіркін, Олимпиадаға барған журналистердің бірі сол Динараны тауып алып, көл-көсір сұхбат алып келсе ғой!» – деп жазды журналист.

Ал журналист Арман Сқабылұлының айтуынша, Динара Әлімбекова өзге елдің атынан сынға түссе де, бойында қазақ қаны тулаған қыз құрмет көрсетуге лайық.

«Қазаққа қандай қуаныш әкелгенін мына сары қыз түгілі қазақтың өзі де толық түйсіне қойған жоқ! Бойында сол қазақтың қаны тулаған, аты да, ныспысы да қазақша бір қызың тұңғыш рет олимпиада чемпионы атанды, Алаш жұрты! Динара Талғатқызы Әлімбекова! Кеше осындай алтын алғанда кімдерге қол соқпадық? Кімдерге құрмет көрсетпедік? Шеттен келген легионерлерді төбемізге көтердік. Енді сол құрметті мына сары қызға көрсетейік. Мейлі, ол басқа елдің атынан сынға түссін, бірақ,ол қазақ қой!

Еркек кіндік қазақтан тұңғыш Олимпиада чемпионы болған Әлжан ағамызды әлі мойындағымыз келмейтіні секілді Динараны да өгейсітпейік. Несіп Жүнісбаев ағам дұрыс айтады, Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионына Қазақстанда да құрмет көрсетілуі тиіс. Мәдениет және спорт министрі осыны ескерсе!..Қазақ қайда жүрсе де -қазақ!» – деп жазды Арман Сқабылұлы Facebook желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек,  22 ақпанда Пхенчан Олимпиадасына Беларусь құрамасы атынан шыққан Қазақстан тумасы Динара Әлімбекова алтын медаль иеленді.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде құқық қорғаушы ақыл-есі кем балаларға жәбір көрсетілетінін жайып салды

Атырау облысының экс-әкімі жауап алу үшін Астанаға шақыртылды

Шахтинскіде жасөспірім өртеніп жатқан үйден алып шыққан жігіт көз жұмды

Алматыда арықтардан тонналаған қоқыс шығарылып жатыр (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар