Атырау облысының экс-әкімі жауап алу үшін Астанаға шақыртылды

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев жауап алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына шақыртылды, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тергеу жұмыстары барысында экс-әкімнің заңға қайшы әрекеттерін растайтын айғақтар табылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысының бұрынғы әкімі Рысқалиев Б.С., Рысқали А.С., Әлбақасов Р.С және тағы басқаларға қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аты аталған азаматтар 2018 жылы 2 наурызда сағат 10:00-да Ұлттық бюроның әкімшілік ғимаратына келуі тиіс», – деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Іс материалдары бойынша, Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластары ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болған, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған, мемлекет мүлкін және бюджет қаражатын өз иелігіне өткізген.

Рысқалиев және басқа да тұлғалар мемлекет аумағынан сыртта болғандықтан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламаны БАҚ-та жариялады.

Оқи отырыңыз:

Шахтинскіде жасөспірім өртеніп жатқан үйден алып шыққан жігіт көз жұмды

Алматыда арықтардан тонналаған қоқыс шығарылып жатыр (фото)

Ақтауда жезөкшелікпен айналысқанын мойындаған қыздардың видеосы олардың отбасына көрсетілмек

Оралда мешітте ұрлық жасаған ұрыға қатысты сот үкімі шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар