Ақтауда жезөкшелікпен айналысқанын мойындаған қыздардың видеосы олардың отбасына көрсетілмек

Жеңіл жүрісті қыздардың туған-туыстарына олардың жезөкшелікпен айналысқанын мойындаған сәті түсірілген видео жіберілуі мүмкін.

Сурет: Алматы ІІД

Бұл туралы Ақтау ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Аманнилла Абдуатовқа сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Біз деректер базасы бойынша олар туралы мәліметті қарап, мекенжайларына хат жолдаймыз. Туған-туыстарына олардың ісі туралы хабар беріп, полицейлермен сөйлескені, жезөкшелікпен айналысқанын мойындағаны бар видео дәлелдерді жолдаймыз”, — деді Абдуатов.

Бұл шешімнің қаншалықты заңға сай келетіні туралы агенттігіне адвокат Талғат Мылтықбаев айтып берді.

“Мәселен, сот шешімі шығып, әкімшілік айыппұл салынатын болса, хат жолдауға болар еді, дегенмен бұл оңай дүние емес. Екінші жағынан ол видеолардың қалай түсірілгенін кім білсін. Бәлкім, оларға қысым жасалған шығар. Бұл жеке мәліметті ғана емес, компроматтық ақпаратты тарату болып саналады. Полиция мұны профилактикалық шара ретінде қарастырып отырған шығар, бірақ заң жүзінде еш негіз жоқ. Ұсталғандардың жезөкшелікпен айналысқанын сот қана анықтай алады. Мұның қалай жүргізілетінін, хаттың қалай жазылатынын қарау керек. Хаттың мәтініне де көп нәрсе байланысты”, – деді Мылтықбаев.

Бейсенбі күні Ақтауда рейд кезінде құқық қорғау органдары ақшаға интимдік қызмет көрсетіп жүрген алты қызды ұстады. Оларға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған, яғни — 12 025 теңге.

Оқи отырыңыз:

Оралда мешітте ұрлық жасаған ұрыға қатысты сот үкімі шықты

ШҚО-да 3 баланың анасы із-түзсіз жоғалып кетті

Сал ауруына шалдыққан 12 жасар қыздың өлеңі елді жылатты (видео)

Қазақ жазушысының немересі: Қазақтар британдықтарға қарағанда шыншыл

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар