Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал экстрасенс Өркеннің өліміне өгей шешесінің қатысы бар деп дәл болжапты

Алматыда 22 қаңтар күні асқан қатыгездікпен өлтірілген 11 жастағы Өркен Азаматұлының өлімін танымал экстрасенс те болжапты.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Көріпкел қанды қол іске өгей шешесінің қатысы бар дегенді айтқан. Әзірбайжандағы “Көріпкелдер шайқасының” жеңімпазы Кямран Самедов бұл туралы инстаграмдағы жеке парақшасына жазды.

Көріпкелдің айтуынша, оған Өркеннің әжесінің құрбысы хабарласқан екен. Берген жауабында ол өлімге өгей шешесі кінәлі, және тағы екі ер адамның қатысы бар деп айтқан екен.

Баланың азаптап өлтірілгені жайлы хабар алғаннан кейін Самедов қайғылы қазаға өкініш білдіріп, көңіл айтқан. Бұған дейін 11 жасар баланың көршілері үнемі ұрыс-керіс болатынын айтып шағымданған еді.

Бұған дейін полиция өгей шешенің өш алу үшін баланы ұрлап әкетіп өлтіргенін хабарлаған еді. Әйел қанды іске тіпті өзінің туған балаларын да араластырған.

Еске сала кетсек, 11 жастағы 6 сынып оқушысы 19 қаңтар күні жоғалып кетеді. Баланың жоғалғаны туралы оның әжесі сол күні кешке полицияға шағым түсірген.

22 қаңтарға қараған түні Өркен Азаматұлының денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың біріндегі жерасты ғимаратынан табылған.

Оқи отырыңыз:

Министр қытайлықтарға қанша қазақ қызының тұрмысқа шыққанын жариялады

Онсыз да сабағы көп оқушыларға тағы бір жаңа пән қосылмақ

Сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қызды жасырын бейнетаспаға түсіріп алған

Мұғалім қазақстандық мектептерді тозаққа теңеп, ондағы былықтарды ашық баяндады

Талқылау