Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалім қазақстандық мектептерді тозаққа теңеп, ондағы былықтарды ашық баяндады

Pandaland.kz порталы қазіргі мектептердегі мұғалімдердің жұмысын ашық баяндаған белгісіз қазақстандық мұғалімнің хатын жариялады.

photo_205724
“Қазақстандағы мектеп мұғалімінің өмірі – жүйке жұқарту мен бейшаралық деңгейінде. Көп адам мұны абыройлы жұмыс екен деп ойлауы мүмкін. Бірақ мұғалім болып бір жыл жұмыс істеген соң құрмет атаулыны да, армандарыңды да ұмыта  бастайсың”, – деп бастайды жұмбақ мұғалім өз хатында.

“Жасым 30-да. Менің жеке өміріме уақытым жоқ. Және жұмысымнан еш ләззат алмаймын. Меніңще, мұғалім болу үшін көп уақытың мен жақсы қасиеттерің болу керек. Және өз отбасына құруға, өз өміріне уақыт жұмсамайтын адам болуың керек. Қазақстандағы мұғалімдер – менмен оқушылар мен ақымақ директорларға, білім беру жүйесіне қарсы тұруға тырысқанымен еш дәрмені жоқ адамдар”, – дейді ол.

Осыдан кейін мұғалім жоғары сынып оқушысымен болған жанжалы туралы айтып өтті. Айтуынша, ол сабаққа үнемі кешігіп жүретін, сабақ кезінде телефонмен хат жазысып отыратын, сабаққа толық қатыспайтын қызға “қанағаттанарлық” деген баға қойған. Кейін ата-анасы мектепте шу шығарып, сотқа арызданатынын айтқан. Осыдан соң мектеп директоры оған “4” бағасын қойып беруін сұрайды. Қыздыі әкесінің “байланысы” мықты екенін, оның басымызға бәле болатынын айтты. Кейін оқушы қыз оңайлықпен “4” бағасын алған соң сабаққа келуді мүлде доғарады.

Хат авторы мектепте күніне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істеуге міндетте екенін атады.

“Олимпиадалар, мен сенбілік, қағаз толтыру, жиналыс, оның бәрі үшін мұғалімдерге ақша төленбейді. Келетін комиссиялары мүлде бөлек тақырып. Оларға сыйлық береді. Мектепке жөнде ужұмысы үшін ақша бөлінбесе, еден жуушылар 50 мың теңге алса, мұнда қандай жағдай болады?”, – деп ашынады мұғалім.

“Мектепте зейнетке шығатын мұғалімдердің ғана мүмкіндігі бар. Олар зейнетақыдан бөлек, репетиторлықпен айналыса алады. Ал, жастардың өсуіне еш мүмкіндік жоқ. Мен биыл жұмыстан кетіп, ендігәрі мұндай тозаққа қайта келмеймін деп бекіндім. Оқушылар сағынатындарын айтады. Мен де оларды сағынам. Бірақ сағынады екенбіз деп олай жұмыс ітейалмаймын”, – деп жазады ол.

Хат соңында ата-аналарға назар аударған мұғалім “Сіздер бізді сынар алдында, өздеріңізді біздің орынымзға қойып көріңіздер. Біздің орнымызда бір сағат та жұмыс істей алмайсыздар. Бізді жамандағанша, балаларыңызға мұғалімніңеңбегін бағалауды үйретіңіздер!”, – деп жазады хат соңында.

Талқылау