Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал сазгер Игорь Крутой әйелімен неліктен ажырасқанын айтты

Танымал ресейлік сазгер Игорь Крутой алғашқы әйелі Еленамен не үшін ажырасқанын айтты. Сазгер экс-жұбайын қатты сүйгендігін алайда махаббатының жауапсыз болғанын мәлімдеді.

g_d461c2cff556c427d7867bf5e3b4fb50_2_700x600
Бұл туралы dni.ru жазды.

Игорь Крутой «Секрет на миллион» деп аталатын жаңа шоудың қонағы болып, неше түрлі қызықты сұрақтарға жауап берді.

Алғашқыда сазгерге қарапайым сұрақтар қойылды. Ол танысқан кезінде енесіне не сыйлағанын, алғашқы махаббатының есімін және мектептегі би кештерінде қандай әндерді орындағанын айтып берді.

Сазгер 90 мың рубльге дейін жеткен кезде шоу жүргізушісі Лера Кудрявцева алғашқы некесі туралы сұрады. Крутой жанын жаралаған хикая туралы айтып беруге мәжбүр болды.

«Мен оны қатты сүйдім, ал ол мені жоқ», – деді ол.

Айтпақшыдай, бұл жайтты сахна сыртында композитордың анасы Светлана Семеновна бақылап тұрды. Оның айтуынша, ажырасудың себебі тек жауапсыз махаббат емес. Жұбайлар қаржы қиындықтарына тап болғандықан да айырылысуға бел буған.

«Оның ақшасы болмағандықан да, әйелі кетіп қалды», – деді Светлана Семеновна.

Айта кетейік, Лера Кудрявцева бағдарлама қатысушыларын продюсерлермен бірлесіп өзі таңдаған. Олардың басым бөлігі танымал тележүргізушінің достары екен.

«Студияма шақырылатын әртістердің түгелі дерлік өзімнің достарым. Көп жылдан бері араласатын, өзім танитын жандарды шақырдым. Бағдарламаның форматына сәйкес, менің ыңғайсыз сұрақтар қоюыма тура келеді. Бұған қатысуға келіскен әртістер неге баратынын жақсы біледі. Мен өзімді қолға алып, арандату тудыратын сұхбатты бастаймын. Қалай ойлайсыздар, мен өзімді сол сәтте жайлы сезінемін бе? Жоқ, тіпті де олай емес», – деді Кудрявцева.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық он жасар әнші қызға Игорь Крутой бейнебаян түсіріп бермек

Композитор Арктикадағы мұздықтар жанында рояльмен композиция орындады (видео)

Қазақ елінің талантты композиторы дүниеден озды

Композитор Латиф Хамидидің туғанына 110 жыл

 

Талқылау