Танымал сәнгер: Мәдина Сәдуақасовамен бірігіп жұмыс істеу қиын

Сейсенбі, 17 Мамыр , 2016 13:23

Мәдина Сәдуақасова декреттік демалыстан кейін “Қайда сезім” атты әнге бейнебаян түсірді. Образ бен клипмейкерлер жаңа болса да, әннің өзі осыдан бірнеше жыл бұрын жазылған. Көрерменге ұсынылған туынды сынның астында қалды. Жұрт тақырыбы түсініксіз әнге сай емес, шетелдік бейнебаянның көшірмесі деп айыптады. Мұнымен қатар, сәнгер түсірілім кезінде Сәдуақасовамен жұмыс істеудің қиынға соққанын айтады.

новый коллаж

Бұл туралы “31 арна” хабарлайды.

Бейнебаянның тақырыбы мен сюжетін сынға алған халық әншінің жаңа образын жақтырмады. Қонымды көйлектер, көздің жауын алатын әшекейлерді әнші танымал стилист Рафаэль Роменмен бірігіп отырып таңдаған. Сәнгер бұл тандемде бірігіп таңдау жасаудың қиынға соққанын айтады.

Стилист пен әншінің сөзге келіп, ұрысып қала жаздағаны таңдалған киімдерге байланысты. Біресе киемін, біресе кимеймін деген әншінің еркелігін Ромен мырза көтере алмаған сияқты. Әнші әсіресе костюм шалбар киюге қарсылық білдірген.

“Біз кездесіп барлығын ақылдастық. Бірақ барлығы сіздер ойлағандай мінсіз болмады. Ұзақ уақыт сөз таластырып, тіпті ұрысып та кеттік. Нәтижесінде барлығы өзім қалағандай болды. Ол Max Mara пиджагын кигісі келмеді. Бәрінен де оған шалбарлы костюмді кию қиынға соқты. Ол қарапайым образ болатын. Оған үнемі бір нәрсе жетіспей тұрғандай көріне берді”- дейді Рафаэль Ромен.

madina4

Әнші шаш үлгісін өзгертіп, ерекше үлгідегі киімдерді киюге келіскенімен, образға кірудің қиынға соққанын айтады.

“Образды ашу қиынға соқты. Осыған дейінгі бейнебаяндарда еркелеп жүретін Мәдинаның қайғыруы керек болды. Ал мен жылай алмадым. Басты кейіпкер бақытты толықтай сезіне алмай жүр. Өйткені бұрынғы махаббаты жүрегінде із қалдырған. Қайта-қайта ойына оралып, сол махаббаты туралы ойлай береді. Толықтай сол бақытты сезіне алмағандықтан, бәрімен қош айтысып, жауып, жандырып жібергісі келеді. Махаббат та кетсін, үйде өртенсін. Мұның барлығын режиссер ойластырды.”, – деп Сәдуақасова әннің тақырыппен байланысын түсідірді.

Мазмұны махаббатқа арналған бейнбаянда Мәдинаны құшақтап жүрген жігіттің кім екені көрінбейді. Кей адам жолдасы қызғануы мүмкін деп осылай жасағанын айтқан. Десе де, әнші бейнебаянның жеке өміріне ешқандай да қатысы жоқ екенін тілге тиек етті.

“Жігіттің жүзін көрсетпеуді режиссер ұсынды. Өйткені қыздың да, жігіттің де рөлінде кез келген адам болуы мүмкін. Ал мен жеткізуші, орындаушы болғандықтан, ашық болдым. Оның астарында ешнәрсе жоқ. Және бұл бейнебаянды менің жеке өткен өміріммен байланыстырудың да қажеті жоқ”, – деп әнші халықтан алып қашпа сөз таратпауды сұрады.

Мұнымен қатар, көп адам украиналық режиссерлердің Сәдуақасованы алдап соққанын айтады. Олар әншінің жаңа туындысын Деми Ловатоның “Stone Cold” атты әнге түсірілген бейнебаянына ұқсатқан.

“Ол қалай плагиат болады? Махаббат, ғашықтық сезімін сезінгенде адам жылайды, күледі, тоңады, ыстықтайды. Режиссер Алматының тауларын да түсіріп, оны украиналық достарына көрсеткісі келді. Біз түсірілім барысында кей жерлерін өзгертіп отырдық. Мәдина өзі құпияға толы жан. Барлығы Мәдина туралы бәрін білеміз деп ойлайды. Алайда менің ішімде ақтарылмаған сыр көп”, – деп Сәдуақасова тыңдармандарын тосын сый әзірлеп жатқанын айтты.

Әнші дәл қазір “Жұлдызым” атты әнге бейнебаян түсіріп жатыр. Аталған бейнебаянда ән айтып қана қоймай, би билеп жұртты таң қалдырмақ.


Оқи отырыңыз:

Мәдина Сәдуақасова табиғатына жат бейнебаян түсіріп жатыр

Сәдуақасова: Мен бұл өмірде серігім Олжастан артық таза да тәртіпті жан көрген емеспін

Мәдина Сәдуақасованың басына бақыт құсы қонды

Тыңдармандары Сәдуақасованың Леди Гагаға еліктеп жүргенін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар