Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәдуақасова: Мен бұл өмірде серігім Олжастан артық таза да тәртіпті жан көрген емеспін

Қазір жастар арасында, тіпті, орта жастағы тыңдарманды да өзіне баурап алған бір әнші бар болса, ол – Мәдина Сәдуақасова. Үлкен сахнаға қадам басқанына биыл 20 жыл толған әнші өзінің ешкімге ұқсамайтын дара болмыс, ерекше стилімен оқшауланып тұрады. Тіпті бірнеше жылда бір ғана бейнебаянын шығарса да, өзіндің тыңдармандарын жоғалтпайды.

image

Суреттер: instagram.com/sadvakasovamadina/?hl=ru

Әнші Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында соңғы жаңалықтарымен бөлісіп қана қоймау, халық аузында жүрген қауесет сөздердің нүктесін қойды. Қазақ эстрадасының жұлдызы Сәдуақасова бүгінгі таңда сүйікті жар, аяулы ана, инабатты келін.

Әншінің нәзік даусына қызығып қана қоймай, оған еліктейтін жасөспірім қыздар елімізде көп. Осыған орай, әншіден сұлулығының сырымен бөлісуді сұрағанымызда “Өзіме ерекше күтім жасаймын деп айта алмаймын. Жұрт “Мәдина пластикалық ота жасатыпты, мұрны мен көзін өзгертіпті” деп айтып жатады. Мұның барлығына адамның қиялынан туған әңгімелер деп қараймын. Мен бетіме пышақ жүзі түгілі, титтей ине ұшын тигізбеймін. Сұлулығым үшін, ең біріншіден, Жаратқан Аллаға, екінші осы дүниеге әкелген ата-анама алғыс айтамын. Әкемнің туған-туысқандары табиғаттарынан өте сұлу болып келеді. Тіпті әжелерім жетпіс жасқа толса да, сондай бір ажарланып тұрады. Әйел адам қай жаста болсын өзіне күтім жасауы тиіс. Өзім де күнделікті үйдегі жеміс-жидек, көкөніс, қаймақ, ірімшік сынды азық-түліктерді жиі пайдаланамын. Терімді ылғалдандыру үшін күн сайын бетіме қаймақ жағамын. Түсірілімге жиі баратындықтан, ол жерде “бес тонна” макияж жасайды. Ал мұндайдан кейін міндетті түрде маскалар жасау керек. Мұнымен қатар, Қытайдан келген Гүләй есімді апай жасайтын бас массажының пайдасы зор. Шаш күтіміне келсек, сұлулық салондарында маскалар жасатамын және тек салқын сумен жуамын, – деп әнші табиғи сұлулықты жақтайтынын айтты.

11427264_1013149465370238_1245792363_n

11336082_134018616940213_2063121401_n

14490526324921

11821649_856884754394153_192278423_n

Әнші осы уақытқа дейін берген сұхбатында Отандық клипмейкерлердің өз образын өзгерткісі келмейтінін айтып, ренжіген-ді. Бұған жолдасы да көнбеген соң, шетелдік мамандарға жүгінген екен.

“Мені көрермен де, айналамдағы таныстарым да үнемі жадырап, көтеріңкі көңіл-күймен жүретін, ақкөңіл де бақытты жан ретінде таниды. Композиторлар мен сазгерлер маған ән ұсынған кезде көңілді әндер ғана береді. Осы уақытқа дейін мұңды ән айтып көрген емеспін. Айтып көргеннің өзінде, үлкен драматурияны қажет ететін бейнеклипте басты рөлді басқа бір актриса сомдайды, ал мен тек әнді айтамын. Яғни өзімді басқа қырымнан көрсете алмаймын. Өзімнің дауыс тембрім де болмысыма сай екенін түсінемін. Қуанышыма орай, жаңа бейнебаянымды түсіріп жатқан украиналық режиссер мені басқа қырымнан танытуға тырысты. Мамыр немесе сәуір айында жарық көретін бейнебаянымды өзім де асыға күтіп жүрмін”, – деп кезекті бейнебаянында мүлде басқа, өзіне жат образды сомдайтынын жеткізді.

image-69

4-21

2d4baab57fa438ad2cc1f07e115f54c5-big

11334453_464447907056611_599867600_n

Бірнеше жылда бір ғана бейнебаян ұсынатын әнші бұл жолы тыңдармандарына қатарынан екі бейнебаян сыйламақ. Бейнебаяндарының бірі “Жұлдызым” атты әнге түсірілмек. Әзірге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өзін басқа қырынан танытқысы келетін әнші, өнерде де, өмірде де бір мінезіне адал екенін айтып, ағынан жарылды. “Халықтың алдында қандай болсам, үйде де дәл сондаймын. Әлі күнге дейін еркелей бергім келеді. Әйел адамның еркелеуі жасына байланысты емес екен. Ата-енеммен, екі қайныммен бірге тұрамын. Шынымды айтсам, ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтін келіндерге ақыл айтудан аулақпын. Отау құрғанымызға, мінеки, жаңадан екі жылдан асты, сондықтан маған ақыл айтатын адамдар табылып жатса құба-құп деймін. Әр адам өз алдына қайталанбас тұлға болғандықтан, қиындықтарын түрліше шешіп жатады. Ең бастысы – екі жастың бір-бірін шынайы сүйіп, арада сыйластық қалыптастыра білуі. Ал түсіністік бар жерде барлығы да болады”, – дейді әнші.

12357613_535261033297527_371180243_n

01

madina3

Мұнымен қатар, “Мен бұл өмірде серігім Олжастан артық таза да тәртіпті жан көрген емеспін. Ол – өзіне, өзінің ұстанымдарына, ісіне, отбасына, жары мен баласына адал жан. Бір сәтке болсын қулық жасау туралы ойланбайды да”, – деп әнші сүйіктісін бір мақтауды ұмытпады.

1996 жылы алғаш рет киелі сахнаға қадам басқан әнші биыл 20 жылдық мерей тойын атап өтпек. Сол жылы “Жыл жаңалығы” номинациясын жеңіп, қызылордалық композитордың “Күт мені” атты әні хит шерулердің алдыңғы қатарынан орын алған.

“Қазір халыққа көрінбесе де, үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бейнебаяндарымды бірнеше жылда бір рет сиретіп шығаратыным рас. Бұйырса, алда келе жатқан концертіме орай бірнешеуін қатар шығармақпын”, – дейді әнші.

01

02

Әнші алдағы уақытта да өмірін отбасы мен шоу-бизнеске арнап, басқа салаға ат басын бұрғысы келмейтінін айтты. Өзінің айтуынша, басқа салаға икемі де жоқ.

– Оқырмандар танымал адамдарда барлығы жақсы, еш уайым-қайғысы жоқ деп ойлайды. Мүмкін сізге де өміріңізде бірнәрсе ұнамай, көңіліңізге қаяу түсіретін шығар?

– Мен барлық адам секілді шындықты ұнатамын. Барлық жерде, барлық нәрседе шындық пен адалдық болса екен деймін. Өтірікті ұнатпаймын, тіпті тез алданып қаламын. Әрине, алданғанды кім жақсы көрсін. Бұдан өзге жыланнан қатты қорқамын. Көпшілік денсаулыққа пайдалы дегенімен теңіз тағамдары сынды  дүниелерді ұнатпайтыным бар, – деп әнші өзінің осы мінезінен еш арыла алмай жүргенін айтты.

11925852_624944077609224_1939632687_n

Әнші кезекті үзілістен кейін Тамара Асар, Нұрлан Абдуллин сынды әншілермен “Екі жұлдыз”, “Достар” әндеріне дуэт жазып үлгерген. Мұнымен қатар, алдағы уақытты концертіне арнап танымал және өнерге енді қадам басып келе жатқан әншілермен дуэт жазбақ.

Естеріңізге сала кетсек, Мәдина Сәдуақасовадан жолдасының бұрынғы отбасы туралы айтпауын өтінгені туралы жазған болатынбыз.

Сұхбаттасқан: Қарлыға Бүйенбай

Талқылау