Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал ресейлік модель аттракционда қайғылы жағдайда қайтыс болды

Барнаулдық модель Марина Яблочкина Қытайдағы аттракциондар саябағының біріндегі картингте көз жұмды. Ол рөлді басқара алмай, қабырғаға соғылған.

Умерла-765x510

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Белгілі болғандай оның мойын омыртқасы сынып кеткен. Ал жедел жәрдем келемін дегенше көмекке ұмтылғандар оны жатқан күйінде ұстаудың орынына отырғызбақшы болған. Осының әсерінен ол қайтыс болды дейді оның әпкесі. Марина 18 қаңтарда 28 жасқа толған. Ол соңғы рет жариялаған видеода туған күнінен арналған торт шамдарын өшіріп жатады.

Қыздың туыстары оның денесін Ресейге әкелу үшін ақша жинап жатыр. Ол жұмыс орынында қайтыс болмағандықтан сақтандыру қызметі жұмыс істемейді. Осыған байланысты Маринаның туыстары әлеуметтік желі қолданушыларынан қаржылай көмек сұраған.

Модель Алтай мәдениет және өнер академиясын бітірген. Алты жыл бойы Қытайдағы шоу-балет қатарында жұмыс істеген. Жаңа жылда ол туған еліне оралуды жоспарлаған екен.

Талқылау