Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал отандық күйші шаңырақ көтерді (фото)

Танымал отандық күйші Нұржан Тәжікеновтің бір басы екеу болды. Күні кеше қолына ақ құсын қондырған Нұржанның тойы өзінің туған жері Атырау қаласында дүркіреп өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Тәжікеновтің таңдаған жарының есімі – Алтынай. Екі жастың шаңырақ көтеру қуанышына Абай Бегей, Асхат Тарғын, Қанат Әлжаппаров сынды өнер иелері ортақтасты.

Ал Нұржанды қанатының астына алған Баян Алагөзова шетелде жүргендіктен болар, тойға қатыспады.

Айта кетейік, Нұржан Тәжікенов 2014 жылы әнші Жанар Дұғаловамен бірге Turkvizyon байқауына қатысқан еді.

Ол Жанарға жеңіс алып келген “Ізін көрем” әнін домбырамен сүйемелдеді. Содан бері Тәжікенов Баян Мақсатқызымен іскерлік байланыста.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғалидің экс-продюсері әншімен арадағы дауға қатысты алғаш рет пікір білдірді

Анасы мен енесін клипке түсірген Салтанат Бақаева тыңдармандарын сүйсіндірді (видео)

Баян Алагөзова “жасына сай киінбейді” деп сынағандарға жауап берді

Шаршатты: Айқын мазасын ала беретін тыңдармандарына ескерту жасады

Талқылау