Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаршатты: Айқын мазасын ала беретін тыңдармандарына ескерту жасады

Халық алдында жүрген соң, өнер иелерінен көмек сұрайтын жандар жетерлік. Тіпті, толассыз түскен мұндай өтініштер, әнші Айқынның мазасын әбден алған. Ал, өзге жұлдыздар өмірде жеке бұйымтайын айтатындарға қатысты не дейді?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Маған көмектесіңізші! Дәл осы сөздер өнер иелерінің өміріне танымалдығымен  қатар келгендей… Сондықтан болар, бейтаныс біреулердің жеке өтініштеріне жұлдыздардың еті әбден үйренген..

“Көшеде немесе, интернетте немесе телефонға звондап өтініш білдіреді, көмектесе аласыз ба деп. Қолымыздан келгенше көмектесеміз, әрине. Көбінесе қазір ақшалай көмек сұрап жатыр”, – дейді «Mysterions» тобының мүшесі Дильен.                                                                     

«Мистерионстық» сері, алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады. Емге ақша керек деп, көмек сұрағандардан арнайы құжат талап ететіні де содан. «Қазақстан аруы» Айдай Исаtваға да мұндай өтініштер жиі айтылатын көрінеді.

“Дәрігер болып жұмыс істеген кезімде, ақша жоқ дейтін. Сол кезде көмектескенім болған. Өмірде сұрап келсе, мен қолымнан келгенше көмектесемін. Танымайтын адамдарға да көмектескенмін”, – дейді Айдай.          

Өнердегі әріптестерімен салыстырғанда, Айқынға білдірген бұйымтайлардың жарасы жеңіл. Алайда, әншіні тыныштығының тым бұзылғаны қынжылтады.

“Көбіне адамдар келіп суретке түседі. Суретке түскеннен кейін маған көмектесіңізші, менің бір әпкемнің, ағамның, інімнің туған күні еді. Соны видеоқұттықтау жазып жіберіңізші деген. Ватсапқа келіп жатады. Бүгіннің өзінде 3 видео құттықтау жібердім. Шыны керек кішкене мазаны алады”, – дейді Айқын.

Елге белгілі болудың өтеуі де осы шығар деседі жұлдыздар!

Жіберіп алмаңыз:

Instagram жұлдызы Айымның қанша жаста екенін білген жұрт таңырқап қалды (видео)

Актриса Жания Журинская тоқал болуға ұсыныстар түскені жайлы ашық әңгіме айтты (видео)

Төреғалидің шынайы тегі белгілі болды

Желіде Айқын мен Жұлдыздың отбасылық суреттері пайда болды (фото)

Талқылау