Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Жания Журинская тоқал болуға ұсыныстар түскені жайлы ашық әңгіме айтты (видео)

Актриса Жания Журинская тоқал болуға ұсыныстар түскені жайлы ашық әңгіме айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы актриса “The Эфир” бағдарламасында айтты. Баян Алагөзова продюсерлік еткен Shine тобында ән салып жүрген кезінде оған мас кісілер келіп, түрлі ұсыныстар жасаған екен.

“Тоқал, ашынасы болуға ұсынғандар болды. Бірінші кездерде жылап, әбден қаным қайнаған. Екі күн бойы өз-өзіме келе алмай жүрдім. Ал Баянға бұл кезекті бір оқиға болып көрінген шығар. Сол кезде Әділжан есімді директорымыз болды, мұндай жағдайлардың кездесіп тұратынын түсіндіріп, сабырға шақырды. Бастысы өзіңді ұстай білуің. Соңында біздің тәрбие көрген қыз екенімізді бәрі білді”, – дейді ол.

Оның айтуынша, осыдан кейін кино саласына бет бұрмақ болып, кастингтерден өту үшін Баян Алагөзовадан рұқсат та сұрапты. Сұхбаттың толық видеосын ұсынамыз:

Тағы да оқыңыз:

Алматылық бизнесмен Дубай мен Монакода “ағашкаларға” қызмет ететін қазақ қыздары туралы айтты

Мені апай ұрды: Алматы облысындағы балабақшада 3 жасар қыздың басы жарылып, емханаға түсті

Петропавлда жекпе жекте комаға түскен спортшы екі айдан бері ессіз күйде жатыр

Талқылау