Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал өнер жұлдызы әжесін сегіз жасқа дейін емгенін айтты

Ашық мінезімен, ерекше дауысымен халықтың сүйіктісіне айналған Жанар Айжанова Дана Нұржігіттің “Дара жол” бағдарламасында өмірінің беймәлім тұстарынан сыр шертті.

Жанар айжанова

Бағдарлама  барысында жастайынан әжесінің тәрбиесінде болған Жанар Айжанова ес білгелі кейуанаға еркелеп өскенін айтады. Немересінің еркелігіне елжіреген қарт ананың омырауынан сүт шығып, сегіз жасына дейін әншіні емізген екен.

Жолдасынан ерте айырылған Жанар Айжанова жас  тағдырдың тауқыметін көп тартқан әрі қызы Айжұлдызды өмірге әкелерде жалғызбасты анаға тіршілік ету ауыр тиген.

Қазірде бағдарлама жүргізушісі ретінде елге жақсы танылған әнші Жанар Айжанова қызын қызметтегі әріптесі Айгүл Иманбаеваның ұлына айттырғысы келетінін әзіл араластыра айтып қалды.

“Айжұлдызды Айгүл Әсетке әперем дегендей еді, бірақ үйдің алдына екі жылқы байламай ма? Ол да жоқ”, – деп әзілдеді Жанар әріптесіне.

Әңгіме арасында әншінің қызы Айжұлдыз анасының оған шетелде оқуға қарсы болғанын, бірақ анасының бұл шешіміне еш өкінбейтінін де жеткізді.

 

Талқылау