Танымал нумеролог Головкиннің көріпкелдік қасиеті бар екенін мәлімдеді

Танымал ресейлік нумеролог Клара Күзденбаева әлемге танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туралы пікірімен бөлісті. Ол Головкинмен жүзбе-жүз тілдескенін айтып, кездесуден алған әсері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, нумерология бойынша GGG-дің жолы болғыш адам екенін атап өтті. Тағы бір қызығы, Күзденбаева Головкиннің көріпкелдік қасиеті бар екенін жайып салды.

Танымал нумеролог Головкиннің көріпкелдік қасиеті бар екенін мәлімдеді

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бір қызығы, Клара Күзденбаева аталған сұхбатын 2018 жылдың қаңтар айында берген. Ол кезде боксшының қарсыласы ретінде Сауль Альварес тағайындалған, ал кездесу 5 мамырға жоспарланған еді.

“Головкин міндетті түрде жеңіске жетеді. Әр адамның жаңа жылы өз туған күнінен 13 күн кейін басталады. Геннадий 8 сәуір күні дүниеге келсе, оның жылы 21 сәуір күні басталады. Ол 6 санына шығып отыр, ал ол өте жоғары. Сондай-ақ, 5 мамыр Головкин үшін өте сәтті күн. Дәл осы күні оның эмоционалдық, физикалық және интеллектуалдық күйі жоғарылайды. Себебі бокс та интеллектуалдық ойынға жатады, ол жақта да есеп бар. Головкиннің аналитикалық қабілеті де жоғары”, – дейді нумеролог.

Күзденбаева Генаның өте сезімтал, өнегелі адам екенін айтады. Айтуынша, бүкіл әлем танитын спортшының нумерологиясында барлық сан кездеседі екен.  Ал бұл өте сирек кездесетін жағдай, дейді Күзденбаева.

“Головкин – жолы болғыш адам. Сондай-ақ, ол өте еңбекқор, сабырлы, әділетті. Энергетикасы мықты, талантты, харизматикалы. Ең қызығы, ол уайымдаған кезде үлкен табысқа жетеді. Мұны Генаның өзі де біледі. Кей адамдарға уайымдауға болмайды, себебі сәттілік теріс айналады. Ал Геннадийде керісінше. Головкиннің көріпкелдік қасиеті бар. Алайда оның бойынша күмәншілдік де бар. Мұны өзіне айтқанымда, мойындамады. Онымен 2017 жылдың жазында Лондонда жолыққан едім. Әлемдік жұлдыз болса да, көкірек емес. Мені сондай таңғалдырды”, – дейді Клара Күзденбаева.

Бұдан бөлек, Күзденбаева Головкиннің соңғы кездесуі сәтсіз күні өткенін атап өтті.

Айтпақшы, қарсыласы ауысқанымен,  Головкин 5 мамыр күнін қалдыруды сұраған. Соған қарағанда, боксшы жекпе-жек өтетін күнді расымен де нумерология бойынша есептейтін көрінеді.

Тағы оқыңыз:

«Ертіс» футбол клубына алғаш рет әйел адам басшы болды

Дмитрий Баландин Испаниядағы турнирде екінші алтынды жеңіп алды

Головкин сол қолмен жұдырықтасатын қарсыластан жүрексінеді дегендерге жауап берді

Баландин Испания чемпионатының рекордын жаңартты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар