Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дмитрий Баландин Испаниядағы турнирде екінші алтынды жеңіп алды

2018 жылғы Азия ойындарына дайындық барысы аясында қазақстандық жүзгіштердің де қатысуымен өтетін жүзу бойынша үшінші жарыстың қорытындысы шығарылды.

Дмитрий Баландин Испаниядағы турнирде екінші алтынды жеңіп алды

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бірден екі отандық спортшы 50 метрлік брасс қашықтығында түпкілікті жүзу негізінде тұғырға көтерілді. Дмитрий Баландин осы халықаралық турнирде 0: 27.80 нәтиже көрсетіп, екінші «алтынға» ие болды. Оның жетістігін Айбек Қамзенов жалғастырып, 0: 28.56 есебімен үшінші орынды иеленді.

Сонымен қатар, 100 метрлік екінші фристайлда Әділ Қасқабай 0: 50.35 нәтиже көрсетіп, екінші болып келді.

Айта кетейік, бұған дейін Дмитрий Баландин Испания чемпионатында рекорд орнатқан кезде 200 метрлік брасс қашықтығын иеленсе, ал Әділбек Мусин 50 метрлік көбелек әдісінде күміс медаль алған болатын.

Оқи отырыңыз:

Головкин сол қолмен жұдырықтасатын қарсыластан жүрексінеді дегендерге жауап берді

Баландин Испания чемпионатының рекордын жаңартты

Рулардың атымен аталатын ас мәзірі елді таңғалдырды

ОҚО-да 5 жасар бүлдіршінді ұлттық бюро қызметкері судан аман алып қалды

Талқылау