Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық каскадер Алматыдағы клубтардың бірінде қайтыс болған

Nomad Stunts командасы танымал каскадер Қайрат Жұмағожиннің қалай қайтыс болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

 Танымал қазақстандық каскадер 34 жасында дүниеден озды

Алматы клубтарының бірінде, Хэллоуин мерекесі тойланып жатқанда каскадер қайтыс болған. Оның өлімі видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіге жүктелген еді. Желі пайдаланушылары қайтыс болған адамды Қайрат Жұмағожин деп болжады.

Nomad Stunts командасының менеджері Евгения Лидің сөзінше, 3 қараша күні Қасым Жұмағожин әріптестерімен қаладағы барлардың бірінде өткен шоу-бағдарламаға қатысқан. Сценарий бойынша, ол жіпке ілінген мумианы ойнаған.

“Қасымның үстінде трюктерді орындауға арналған арнайы каскадерлық жилет болды. Онымен бірге жинақтамада дененің төменгі тұсын бекітетін арнайы белдіктер бар. Ол салмақты тепе-тең бөлуге көмектеседі. Қасым сол жилетке ілінген. Көрермендер көрген ілмек те алдамшы. Ол костюмнің бөлігі. Видеода Қасым босануға тырысып жатқан кадрлар бар. Ол шоу-бағдарламаның бөлімі”, — деді ол.

Қасым Жұмағожин шамамен үш метрлік биіктікке ілінген. Евгения Ли айтқандай, барда орналасқан аспалы жүйе қазақстандық, ресейлік, голливудтық фильмдерде бірнеше рет қолданылған. Ол биіктіктен құлағанда, ұшуды көрсету үшін, каскадердың шығуы үшін қолданылады. Жилет көтеретін маскималды салмақ 500 килограмм. Қасымның салмағы 75 килограмм.

Тесттік тексерісте жүргізілген. Қасымды көтергенде, ол барлығы дұрыс екенін айтқан. Сосын оны бірден жерге түсірген.

“Оның жанында үнемі үлкен тәжірибесі бар кәсіби каскадер жүрді. Трюктер және аспалы жүйе тек қана бір адаммен іске аспайтынын айтқым келеді. Каскадердің әрдайым серіктесі бар. Ол оны сақтандырады, қимылдарын мұқият бақылайды. Барлық каскадерде жесттер жүйесі бар. Егер ол өзін қолайсыз сезінсе, бірден белгі береді. Қасым бірнеше рет серіктісіне өзін жақсы сезінетінін көрсетті”, — дейді команда менеджері.

Евгения Лидің сөзінше, олар 15 минуттан соң Қасымды жерге түсірген. Ол есін білсе де, өзін біртүрлі сезінген. Әріптестері оны тез арада таза ауаға шығарып, жедел жәрдемді шақыртып, алғашқы көмек көрсете бастады. Шақыртылған жерге келген дәрігерлер оны тірілту амалдарын жасады. Алайда каскадерге қайта жан бітіру мүмкін емес еді.

“Бүгін Қасымның туыстары сот-медициналық сараптаманың қорытындысын алды. Ол жерде біздің әріптесіміздің өлімі өткір алғашқы миокард инфарктынан болды деп жазылған. Осы орайда біз Қасым Жұмағожиннің тәжірибелі каскадер екенін сөз етіп, Nomad Snuts тобында ашылған күннен бастап жұмыс істейтінін айтқымыз келеді. Сонымен қатар, ол цирктің кәсіби әртісі. Ол циркте өсті деуге де болады. Отандық және голливудтық фильмдердің түсірілімдеріне қатысқан”, — деді Евгения Ли.

Қасым Жұмағожинді жер қойнына табыстау рәсімі 5 қарашада өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қараша күні танымал қазақстандық каскадердің дүниеден озғаны белгілі болған еді.

 

Талқылау