Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

 Танымал қазақстандық каскадер 34 жасында дүниеден озды

Қасым Жұмағожиннің дүниеден озғаны 3 қараша күні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Nomad Stunts атты каскадерлық топтың менеджері Евгения Лидің айтуы бойынша, 34 жастағы азаматтың неден қайтыс болғаны белгісіз.

“Біз үшін бұл ауыр жағдай. Біз бүгін бұл қайғыны білдік. Бірінші кезекте Қасымның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Ертең оның командадағы серіктестері қолдау көрсету үшін жанұясына барады”, — деді Евгения Ли.

Қасым Жұмағожин көптеген отандық, ресейлік, голливудтық фильмдерге түскен. Алғаш рет ол “Көшпенділер” атты 2005 жылы шыққан тарихи фильмде түскен. Сонымен қатар, ол “Рэкетир”, “Қош бол, Гүлсары!”, “Мұстафа Шоқай”, “Апокалипсис коды” сынды кино туындыларда ойнаған.

Каскадер таеквондо, трамплинг, рэтчет, ат акробатикасы, фехтование, 10 метрден жоғары биіктіктен құлау, садақ ату сынды спорттың бірнеше түрін меңгерген. Спортты гимнастика бойынша спорт шебері. Ол Ижевскте өткен, цирк өнеріне арналған халықаралық фестивальға қатысып, “Алтын аю” мәртебесін иеленген.

Талқылау